Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жүзік ұрлағаны үшін сотталды
Басты Сот және сот төрелігі Жүзік ұрлағаны үшін сотталды

      Шарбақты аудандық сотымен бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаумен 24 жасар әйел адам сотталды. Ол ағымдағы жылдың 4 шілдесінде өзінің көршісінің сөмкесінен құны 100000 тенге тұратын алтын жүзікті ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шарасы кезінде И. ұрланған жүзікті Павлодар қаласында ломбардқа кепілге тапсырғаны анықталды.

       Сот отырысында сотталушы кінәсін толығымен мойындап, ақшалай қаражаттан қысылғандықтан жүзікті ұрлап кеткенін түсіндірді. Ақшаны өзінің жеке мақсатына жұмсаған.

       Сот үкімімен оған келесі міндеттер жүктелді: тұрғылықты мекен жайын, жұмыс, оқу орнын арнайы мемлекеттік органдарын хабарландырмай ауыстырмау, алкогольді ішімдіктер ішумен байланысты белгіленген орындарға бармау.

   

      Үкім заңды күшіне енген жоқ

       Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі