Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты аудандық сотында мемлекеттік емес бірлестікпен дөңгелек үстел өтті
Басты Сот және сот төрелігі Шарбақты аудандық сотында мемлекеттік емес бірлестікпен дөңгелек үстел өтті

         2016 жылдың 15 маусымында Шарбақты аудандық сотымен «Мила» қоғамдық бірлестігі төрағасы Л.Сидоренконың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.   

         Дөңгелек үстел барысында Л.Сидоренко сот қызметкерлеріне құрамына ауданның 40 әйелдері кіретін атаулы ұйымның қызметі туралы айтып берді.

         Қоғамдық ұйымның негізгі қызметі Қазақстанда гендерлік саясатты дамыту, әйелдер құқығын қорғау, жанұяда тең құқық пен міндеттерін атқаруға жағдай жасау, жыныстық белгісі бойынша зорлықтан қорғау, бейморальды өмір сүруші әйелдер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, материалды және моральді көмек көрсету. Сондай ақ, «Мила» ҚБ Алтай өлкесінің Кулынды ауданының іскер әйелдерімен қарым-қатынас жасайды.

        Л.Сидоренко әйелдерге саяси өмірге, қоғамның барлық деңгейіндегі мемлекеттік және де жеке сектор басқарушы позициясында қатысуға мүміндік беру, өмірдің барлық саласында заңды құқығын қамтамасыз ету.

          Кездесу соңында қоғамдық ұйым төрағасы «Молодежь-спорт», «Молодежь-творчество», «Молодежь-патриотизм», «Зеленный патруль» сияқты мемлекеттік емес бірлестік құру керектігін атап өтті.

 

Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі

        баспасөз қызметі