Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Заңсыз алынған мемлекеттік жәрдемақы
Басты Сот және сот төрелігі Заңсыз алынған мемлекеттік жәрдемақы

        Шарбақты аудандық сотымен"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" РММ-нің заңсыз алынған мемлекеттік жәрдемақы сомасын өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша 3 азаматтық іс қараусыз қалдырылды.

         Жауапкерлер асыраушысынан айрылғандар ретінде әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алушылар болған. Балалардың жоғарғы білім оқу орнында білім алуына байланысты кәмілеттік жасқа толғаннан кейін жәрдемақы төленген. Бірақ, оқудан шығарылған студенттердің тізімінде жауапкерлердің балалары тұрған.

          Сот отырысы басталмас бұрын жауапкерлердің заңсыз алынған жәрдемақыны төлегендеріне байланысты талапкерден талап-арыздарды қараусыз қалдыру туралы өтініш келіп түсті.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»