Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Тергеу судьясымен қамауда ұстау бұлтарпау шарасы санкцияланды
Басты Сот және сот төрелігі Тергеу судьясымен қамауда ұстау бұлтарпау шарасы санкцияланды

           Шарбақты аудандық сотының тергеу судьясымен Шарбақты ауданының ІІБ 26 жастағы әйелге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қолдаухаты қаралды. Күдікті 2016 жылдың 15 маусымда Шарбақты ауданының Алексеевка ауылында мас күйінде, жанжал барысында ас үй пышағымен азаматтық некеде тұратын күйеуін екі рет пышақпен ұрған. Жәбірленуші алынған дене жарақатынан аудандық ауруханада көз жұмған.

         Сотпен, айыпталушы соттан және алдын-ала тергеуден жасырынуын, тергеу амалдарын толығымен жүргізуге бөгет болуын ескере отыра, С. екі айға дейін қамауда ұстауға шешім шығарды.   

       

       Қаулы заңды күшіне енді

         «Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз-қызметі»