Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Дүкенге ұрлыққа түскен
Басты Сот және сот төрелігі Дүкенге ұрлыққа түскен

Шарбақты аудандық сотымен 2016 жылдың 27 сәуірінде Шарбақты ауданының Алексеевка ауылында түнгі уақытта «Магнит» дүкені терезесіндегі темір торды шеге жұлғышпен майыстырып кіріп, азық-түлік, спирттік ішімдіктер, иіссулар және ақшаны ұрлап кеткен екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Жасалған қылмыстан дүкен иесіне 88 912 тенге материалды шығын келтірілген.

         Сот тергеуі басталмас бұрын сотталушымен жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты келісім ұсынылды.

         ҚК 68 бабы 1 бөлігі негізінде сотталушылардың жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»