Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ата-анасына қонаққа келген құқықбұзушы
Басты Сот және сот төрелігі Ата-анасына қонаққа келген құқықбұзушы

 

        Шарбақты аудандық сотымен Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзып, көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шығудан бұлтарған, 1984 ж.т. Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

         Сотта құқықбұзушы кінәсін мойындап, өзінің Ресейде, Барнаул қаласында тұратынын, Екібастұз қаласына ата-анасына қонаққа 2016 жылдың сәуір айының аяғында келіп, көш-қон заңын білмеуіне байланысты Қазақстан Республикасы аумағын уақытында тастап шықпағанын түсіндірді.

         Сот құқықбұзушыны ӘҚБК 517 б. 2 б. (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша айыпты деп танып, 23331 тенге көлемінде айыппұл жазасын тағайындады.  

 

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»