Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Алимент төлемеген әке қамауға алынды
Басты Сот және сот төрелігі Алимент төлемеген әке қамауға алынды

      Шарбақты аудандық сотында 2012 жылдан бері кәмілет жасқа толмаған балаға алимент өндіру туралы сот актісін орындамаған аудан тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

      Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, қазіргі уақытта жұмысы жоқтығына байланысты алимент төлеуге мүмкіндігі жоқтығын түсіндірді.

       Сотта ол ӘҚБК 669 бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) айыпты деп танылып, бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

       

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ

        Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі