Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шекара бұзғаны үшін алты айға бас бостандығынан айрылды
Басты Сот және сот төрелігі Шекара бұзғаны үшін алты айға бас бостандығынан айрылды

        Шарбақты аудандық сотымен ҚК 392 бабы 1 бөлігі (Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту) бойынша 1976 ж.т. Р. азамат ҚР аумағынан бес жылға шығарумен алты айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

       2015 жылдың 15 қыркүйегінде Р. азаматтығы жоқ тұлға бола тұра, Мемлекеттік шекараны Шарбақты ауданының аумағында заңсыз кесіп өткен.

      Сотталушы сот отырысында кінәсін мойындап, бас бостандығын айыру орнынан босап шыққаннан кейін туған жері Қазақстанға оралғысы келген, бірақ құжаттары болмағандықтан шекараны арнаулы бекеттерді айналып өткенін түсіндірді.

       Құқықбұзушы жазасын қоныс колониясында өтейтін болады. 

       

       Үкім заңды күшіне енген жоқ

       Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі