Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ит ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды
Басты Сот және сот төрелігі Ит ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

        Шарбақты аудандық сотымен 2016 жылдың 06 мамырында түнгі сағат екілер шамасында Шарбақты ауылында үйдің ауласына кіріп «Алабай» тұқымды итті ашық түрде ұрлап кеткен аудан тұрғындарына қатысты қылмыстық іс қаралды.

       Сот мәжілісінде сотталушылар кінәлерін толығымен мойындап, итті ұрлау кезінде оларды иттің иесі байқап қалып, арттарынан жүгіргеніне қарамастан итті тастамай, қылмыс орнынан қашып кеткен. Осыдан кейін полиция қызметкерлерінің жүргеніне байланысты итті қалдырып кеткен.

       Сотталушылар ҚК 191 б. 1 б. бойынша (Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) айыпты деп танылып, оларға мүлкін тәркілеумен 3 жылға бас бостандығын айыру жазасын тағайындалды.

        

       Үкім заңды күшіне енген жоқ

       Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі