Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шекараны жүк поездімен заңсыз өткен
Басты Сот және сот төрелігі Шекараны жүк поездімен заңсыз өткен

       Шарбақты аудандық сотымен 2016 жылдың 9 сәуірінде Шарбақты ауданының аумағында жүк поездімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын Ресей Федерациясына заңсыз кесіп өткен 1984 ж.т. Ақсу қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

        Сот отырысында сотталушы кінәсін толығымен мойындап, түсіндірді, 2016 жылдың 08 сәуірінде ол «Шарбақты» шекара бекетіне келген, бірақ оны ҚР аумағынан төленбеген несие берешегіне байланысты өткізбей қойған. Осыдан кейін Шарбақты ауылына қайтып келіп, Ресейге баратын поезд күткен. 2016 жылдың 09 сәуірінде жүк поездімен шекараны өтіп кеткен. Ресейдің аумағында поезд жүрісін баяулатқанда, ол вагоннан секіріп түскен.

       Сот он ҚК 392 б.1 б. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту)  айыпты деп танып, бір жылы шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»