Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
ТҰТЫНУШЫНЫҢ БҰРЫШЫ

Біздің елдің Президенті Н.Ә.Назарбаевпен бір неше жылдар бойы елімізде бизнесті енгізу үшін жағдайды жақсарту бойынша саясаты жүргізілуде. Бұл мақсатта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама өзгертілді- жаңа бағалау қауіптер критерийлері әзірленді, бір неше құжаттар қысқартылды, тексерулер төмендеді.
Өкінішке орай, кәсіпкерлер естеріңе сақтамайды, құқықтарынан басқа да міндеттері де бар.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңының 24 бабы негізінде сатушылар (өндіруші, орындаушылар) міндетті:
Сатушы (дайындаушы, орындаушы):
1) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге;
2) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
3) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауды қамтамасыз етуге;
4) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасын қамтамасыз етуге;
5) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауардың ауыстырылып берілуін немесе қайтарылуын қамтамасыз етуге;
6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтеуге;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда бақылау-кассалық машиналарының болуына;
8) бақылау-кассалық машиналар орналастырылған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі туралы және бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның
мемлекеттік кіріс органына (тиісті мемлекеттік кіріс органының телефон нөмірін көрсетіп) жүгіну құқығы туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастыруға;
9) тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғада оның тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) көрсетілген омырау карточкасының (бейджінің) болуын және оның санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерді сақтауын қамтамасыз етуге;
10) тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты беруге;
11) мәлімделген жұмыс режимін сақтауға;
12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
Сатушы (дайындаушы) бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын көрсетуге, сондай-ақ тауарды сақтау жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Дайындаушы (орындаушы) жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің құнын жазбаша түрде көрсетуге міндетті. Дайындаушы тауардың жарамдылық мерзімін, сақтау мерзімін белгілеуге міндетті.
Міндеттерден басқа да Заңның 23 бабында құқықтарда қарастырылған:
орындаушы) тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) кепілді мерзім белгілеуге құқылы, осы мерзім ішінде тауардан (жұмыстан, көрсетілетін қызметтен) кемшілік табылған жағдайда дайындаушы (орындаушы) тұтынушының осы Заңда белгіленген талаптарын қанағаттандыруға міндетті.
Сатушы дайындаушының (орындаушының) белгілеген кепілді мерзімін ұзартуға құқылы, бірақ оны азайтуға құқылы емес.
Құрметті кәсіпкерлер! Өзіңіздің міндеттеріңіз туралы ұмытпаңыздар, Заңмен қарастырылған, Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жауапқа тартылады.
Ал тұтынушыларға өздеріңіздің құқығыңызды қолданысқа енген заңнамасымен қарастырылған, пайдалануға ұмытпаңыздар.

"Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шарбақты аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" РММ