Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Тұтынушы деген кім?

         «Тұтынушы» деген сөз бәрімізге таныс және көпшілігіміз тұтынушы екенімізде білеміз. Бірақ осы сөздің мағынасы туралы, оның нені білдіретіндігі жөнінде ойландық па екен? Тұтынушы болған соң, бізде құқықтар ғана емес, сонымен қатар міндеттердің де пайда болатыны тағы бар. Осы құқықтарды біреу білсе, біреу білмейді. Осы құқықтарды біліп жүргеніміз артық болмас еді. Құқықтарымызды білу көптеген проблемаларды болдырмауға көмектеседі. Сонымен, бұл мақалада біз Тұтынушының кім екендігін жан-жақты талқылаймыз және оның қандай құқықтары мен міндеттері бар екіндігін қысқаша түсіндіреміз.

         Бүгінгі күні қазақстандық заңнамада тұтынушы-жеке, отбасында, үй ішінде және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге пайдалануға арналған таурға (жұмысқа, көрсетілген қызметке) тапсырыс беру немесе соларды сатып алу ниеті бар не тапсырыс беретін, сатып алатын және (немесе) пайдалатын жеке ретінде айқындалған.

         Қарапайым тілмен айтсақ, тұтынушы – ол қандай да бір тауарды немесе қызметті сатып алатын немесе сатып алуға ниетті бар адам. Барлығы оңай көрінгенмен, біз тұтынушы боған сәттен бастап, бізге құқықтар мен міндеттер пайда болады. Тұтынушының негізгі құқықтарын жалпы түрде талқылайық. Олар туралы толығырақ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңынан оқып, білуге болады.

                  Сізге мыналарды білу қажет, тұтынушының:

  •  ауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;
  • тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сауаттандыруға;
  •  тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;
  •  қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;
  •  тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға;
  •  тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметті) тиісті сапасына;
  •  тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
  •  тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметті) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;
  •  сатушыдан ( орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға;
  •  ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметті) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінә қоюға;
  •  тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;
  •  моральдық зиянды өтетуге;
  •  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқықғы бар.

 Ал , біз өз тарапымыздан сіздердің сауатты да адал тұтынушы болуларыңызды тілеймін.

Материал «Біздің сарапшымыз» журналыаң 2016 ж. 1 выпусктан алынды.