Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Бруцеллёз өте қауіпті инфекциялық ауру
Басты Қоғамдық денсаулық сақтау бұрышы Бруцеллёз өте қауіпті инфекциялық ауру

Бруцеллёз -ол бір өте қауіпті инфекциялық ауру, адамға ауырған ауылшаруашылық жануарлардан тарайды, ол нерв жүйесін, жыныс органдарын, буындарды зақымдандырады. Бруцеллёз қоздырғышы (бруцелла микроптары) ішкі ортада пайдалынатын: сүт өнімдерде 25 күндерге дейін сақталады, малдың терісінде үш-төрт айларға дейін, суда -бес айға дейін, топырақта -екі-үш айда сақталады. Ауырған жануарлар арасында адамдар үшін қауіпті -қой мен ешкі.

Төлді алар кезінде, ауырған жануарды союға, етті бұзу кезінде, малды қырыққанда қоздырғыштар ауруы адамның бойына тері арқылы кіреді. Тұрмыста ауырған жануардың қайнатылмаған сүттін пайдаланған кезде, қаймақтан, сары майдан, ірімшіктен, сол сүттен дайындалған өнімдер, және де дұрыс піспеген еттен ауырып қалу ықтимал. Жұқтырғаннан кейін бір-төрт аптадан кейін ауру шыға бастайды: адам тез шаршайды, нашар күйде болады, ауырғаның сезеді, тәбеті төмеңдейді, басы ауырады, дене қызуы жоғарылайды, науқас түнде қатты терлейді, ұйқысы бұзылады, мойындары, қолтықтары шаптың лимфатүйіндері іседі және ауырады. Егерде өздігінен емделсеңіз, ауру созылмалы ауруға айналады, науқастың белі ауырады, буындары іседі, әзер жылжиды. Буындарда сары су жиналады, буын түрлері өзгереді, соныңда ауру көп жылдарға созылады, кейбір адамдар жұмыс істеу қабілеттерін жоғалтады, мүгедек болып қалады. Әр бір ауырған науқас есіңде сақтау керек, уақытылы дәрігерге қаралу, дәрігердің берген тағайындауларын орындау және алған кеңестерден сауығуы қамтамасыз етіледі. Егерде түйіндесек, бруцеллез малдан тарайды, біріншіден инфекцияның көзін жоюн бастауға тиісті шараларын ескерту. Ауырған малды анықтау кезінде тиістісіз, ветеринарлық дәрігермен кеңесу, қысқа мерзімде (бес күннің ішінде) малды союға жіберу және арнайы қайта өндіретін орындарға тапсыру. Ауырған малды басқа малдардан шектеу. Ауырған малды күту кезінде арнайы киімдерді: халат, рәзеңке етік пен қолғапты, су өтпейтін фартукты кию керек. Және де қолды жие сабынбен жуу керек. Қоршауда тұрған, ауырған малдың жанында, темекі тартуға, демалуға, тамақты жеуге болмайды. Жаңа туған төлді үйге кіргізуге тыйым салынады, балалар, отбасы мүшелері ауырып қалуы мүмкін.

Осындай қарапайым ережелерді сақтаңыздар!

 

 

Шарбақты аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының жетекші маманы Мыльникова Надежда Александровна