Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Саудадағы құлық немесе сатушылардың айласы
Басты Қоғамдық денсаулық сақтау бұрышы Саудадағы құлық немесе сатушылардың айласы

Саудадағы құлық немесе сатушылардың айласы

 

         Сауда индустриясының білгілері тұтынушының көңілін аударып, көбірек сауда жасауы үшін не ойлап таппайды дейсіз, бұл жерде ол тауарлардың тұтынушыға керегі бар ма, жоқ па, мәселе онда емес, олардың ойлағаны, сауданы өткізу. Психологтар мен маркетологтар ондаған жылдар бойы түрлі айла-тәсілдерді ойлап табу мақсатында ерінбей еңбек етті. Ал біз күнделікті дүкенге кірген кезінде олардың жетістігін сезінеміз, жоспарлағаннан көп ақша жұмсап, керексіз заттарды толтырып аламыз да, үйге келіп, оны неге алғанымызды білмей аң-таң боламыз. Дүкендегі айлакерлікпен қалай күресеміз?қарапайым ғана тәсіл-тек оларды білу керек. Бұл мақалада біз сауданың айналасындағы  бір қатар  айлалар туралы баяндаймыз.

         Ендеше бастайық. Сіз білуыңыз керек, ең қымбат тауарлардың көзге бұрын түсуы үшін оларды көздің деңгейіне қояды. Егер жоғары немесе төмен қарасаңыз, одан бағасы арзан заттарды тауып аласыз. Сондықтан, дүкенге барғанда назарыңызды өзіңіздің көзіңіз бірінші түсетін заттарға ғана емессөрелердегі басқа заттарға да аударыңыз. Бұл сіздің ақшаңыздыүнемдеуге мүмкіндік береді.

         Тағы бір айла, өнімдерге арналған арбалар. Бір қарағанда, өте ыңғайлы зат дерсің, алайда психологиялық тұрғыдан алғвнда, үлкен арбаға неғұрлым көп салғыңыз келеді,ондағы бір-екі зат бізге ығңайсыздық тудырады.

         Иә, расында да сатып алушы нан мен шұжық алу үшін де автоматты түрде арбаны алады да, психологияның әсеріне ұшырайды. Демек, дүкенге келгенде одан да қолыңызға  себептті ұстаймыз, әрине, егер Сіз бір айлық өнімді алуға келмесеңіз.

         «Сары бағалар» арзандатылған бағалар. Дүкендердергі өте күшті психологиялық қулық. Адамдардың барлығы дүкендегі тауарлардың бағасын есінде сақтай алмайды, оның өзінде бағалар жиі өзгеріп, құбылып тұрады емес пе. Ал арзандатылған баға сатып алушыға магнит сияқты әсер етеді. Жеңілетілген сауданы көрді екен, бааға екінші кезекке шығып қалады. Дегенмен, көрші дүкендегі тура осындай тауардың бағасы дәл осы сияқты, тіпті төмен де болуы мүмкін.

         Біз бұл мақала Сіз үшін пайдалы болады деген сенімдеміз, бұдан былай супермаркетке барңан кезде бөлшек саудадағы маркетингтік стратегиялардың айлалары мен қулықтарды жайлы білетін боласыз. Бұл сізге бюджетіңіздегі бірінші мың теңгені үнемдеп, керексіз затты сатып алу құрығынан құтылуға көмектеседі. Ендеше, саудаңыз сәтті болсың!

 

Материал «Сәздің сарапшыңыз» журналынаң і шығарылымнан 2015 ж. алынған.