19 Сентября
, 04:11
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
ББҚ-лар- жалған ба әлде барлығына ем ба?
Басты Қоғамдық денсаулық сақтау бұрышы ББҚ-лар- жалған ба әлде барлығына ем ба?

Биологиялық белсенді қоспалар деген түсініктің біздің өмірімізгемықтап енгеніне біраз жыл болды. Еліміздің әрбір тұрғыны «барлық ауруға ем болды» деген осындай ғажайып өнімді пайдаланып та көрген болар. Әңгіме мынада, барлығымыз ББҚ дегеннің не екенін түсінеміз бе? Онда алдымен соны анықтап көрейік. ББҚ-лар- бұл тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалар, тамақпен бірге қабыладауға немесе тағам құрамына қосылатын, құрамында белсенді биологиялық заттары бар өнім. Енді тереңірек талдап көрелік. Бұл препараттар – дәрумендер мен минералдар жиынтығы деп айтсақ болады. Әрине, дәрілек құралдармен бәсекелесе алмайды, десек те жарнамалар керісінше үгіттейді. ББҚ өндірушілері қандай аурудан болсын айықтыруға сендіреді. Олар тез арада арықтауға да, ерлердің денсаулығын күшейтуге де кепілдік береді, қарапайым тілмен айтқада «жанды жерге дөп тиеді». Әрине, ББҚ-лардың жақсы жақтарын жоққа шығаруға болмайды, әлбетте, олар негізінен өндірушісі үшін ғана пайдалы. Дәрілермен салыстырғанда, ББҚ-лар арқылы «ақша табу» жеңілірек. Қоспаны дайындау қиын емес әрі арзанға түседі. Лар дәрілік құрал болмағандықтан, қатаң түрде жүргізілетін мемлекеттік фармацевтикалық бақылауға жатпайды. ББҚларды тіркеу және сертификаттау оңай, оларды рецептсіз кез келген жерде сатуға да болады. Ең бастысы – клиенттерге уәдені үйіп-төгуге болады. Дәрілер сияқты заңмен қатаң қадағаланбайды, ешқандай жауапкершілік жоқ. ББҚ-лар нутрицевтиктер және парафармацевтиктер деп бөлінеді.

Сондай препараттардың ғажаптығына сенген адамдар, дәрі-дәрмек алып, емделудің орнына, соңғы тиынын осындай бос нәрселерге жұмсайды.

Дегенмен, сіз бәрібір де ББҚ қабылдауды ұйғарсаңыз дұрыс. Біріншіден, олар ешуақытта өзге дәрілермен үйлеспейді. Екішіден, ББҚ-ларды ұзақ уақыт бақылаусыз ішетін болсаңыз, керісінше әсер етуі мүмкін.

ББҚ-лар туралы біз әңгімелеп бердік, ал оны алу, алмау туралы шешімді қабылдау сіздің құзырыңызда. Ал біз сіздерге денсаулық тілейміз, емдеудің тиіммді жолын ақылмен іздеңіз!