Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы, тұрақтандыру қорынан өнімді іріктеу, жергілікті тауарөндірушілердің өнімін өткізу туралы»
Басты Қоғамдық денсаулық сақтау бұрышы «Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы, тұрақтандыру қорынан өнімді іріктеу, жергілікті тауарөндірушілердің өнімін өткізу туралы»

 

Шарбақты ауданында негізгі азық-түлік тауарлар және ЖЖМ  бағасы тұрақты бақылауға алынды, күн сайын мониторинг жүзеге асырылуда.

Ауданда құрылған жұмыс тобы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік,  ЖЖМ, азық-түлік емес тауарлар  бағасына және азық-түлік сапасына күн сайын мониторинг өткізуде.  Аудан әкімі Б.Ж.Ыбыраевтың 2015 жылғы 20 тамыздағы № 71-ө өкімімен жұмыс тобының құрамы  бекітілді.  Сонымен қатар осындай жұмыс тобы әрбір ауылдық округте құрылды. Кадрлардың өзгеруімен байланысты  комиссия құрамына 2016 жылғы 23 ақпанда өзгертулер енгізілді.

Жұмыс тобы азық-түлік тауарларына баға мониторингін күніне екі рет, азық-түлік емес тауарларға - күніне бір рет өткізеді.

Негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тежеу мақсатында, қайта өңдеу кәсіпорын басшылары мен азық-түлік тауарларын бөлшек сауда бағасымен сататын кәсіпкерлермен «Негізгі азық-түлік тауарларды жеткізуді  жүзеге асыратын  кәсіпорындарымен Шарбақты ауданының тұтыну нарығында бағаны тұрақтандыру бойынша келісілген іс-әрекеттер туралы» Меморандумға қол қойылды. Меморандумның басты шарты аудан орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің белгіленген тізбесіне бөлшек сауда үстемесінің деңгейін шамамен 10-15%-ға  және ауданның ауылдарында, олардың арақашықтығын ескере отырып 20% шектеу белігленген.  Сонымен қатар дәріхана басшыларымен меморандумға қол қойылды. Осы уақытта меморандум шарты сақталуда.

Ауданда 17 «әлеуметтік» сауда нүктесі жұмыс істеуде, оның ішінде 3 сауда нүктесі Шарбақты ауылында, қалғандары ауылдық округтерде орналасқан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы

№ 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке 18 тауардың атауы енгізілді -  (1 сұрыпты ұн, 1 сұрыпты ұннан пісірілген нан, макарон өнімдері, жарма (қарақұмық, сұлы, ұнтақ, арпа және тары), күріш, картоп, көкөніс (сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша), қант, өсімдік күнбағыс майы, ет (сиыр еті, қой еті, тауық және тауық саны), 2,5 % майлылығымен сүт, 2,5%  майлылығымен айран, ірімшік, қатты мәйекті ірімшік, сары май, 1 және 2 санаттағы тауық жұмыртқасы, тұз, қара шай).

Нанның орташа бағасы 70 теңгені құрайды.  Нан бөлкесінің орташа салмағы наубайхана бойынша 550-600 граммды құрайды.

Негігі азық-түлік тауарларды (ұн, күнбағыс майы, ет, сүт, шұжық өнімдерін) өндіру кезінде баған белгілеу үшін мониторинг жүзеге асырылады. Ауданда өндірілетін өнімге (сүт, ет, ұн, шұжық бұйымдары) бағаның өсуі байқалған емес.

Ағымдағы жылғы 27 сәуірге дейін қарақұмық жармасының орташа бағасы – 365 теңге,  45 теңгеге артты, сәбіз 20 теңгеге, орташа бағасы кг/100 теңге, басты пияз 30 теңгеге, орташа бағасы кг/70 теңге. 2016 жылдың 17 мамырдан бастап қызылша орташа 40 теңгеге, орташа бағасы кг/110 теңге. Бағаның төмендеуі келесі өнімдерге байқалуда:  қырыққабат 20 теңгеге, орташа бағасы кг/70 теңге. Қалған азық-түлік бағалары бір деңгейде қалуда.

Жанар-жағар май материалдары бұрынғы баға бойынша сатылуда:  АИ бензині 95- л/142 теңге, АИ 92/93 литрі 123 теңгеге дейін, АИ 80- л/89 теңге тек талон бойынша, дизель отыны – литрі 99 теңге.

«Шарбақты Құс» ЖШС 2016 жылғы 26 мамырдағы № 22 бұйрығына сәйкес тауық жұмыртқасына орташа баға 10 теңгеге төмендеді (ірі көтерме сауда). Жоғары санаттағы  жұмыртқа он/160 теңге., іріктелген он/150 теңге, 1 санаттағы он/140 теңге., 2 санаттағы он/110 теңге., 3 санаттағы он/80 теңге. Аудан дүкендерінде 1 санаттағы 10 дана жұмыртқаның орташа бағасы 170 теңгені құрайды.

Әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру үшін ауданда апта сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі, бекітілген кестеге сәйкес барлық ауылдық округтер қатысады. Ассортиментте:  шошқа, жылқы, қой, құс еті, сонымен қатар сүт өнімі (сүт, қаймақ, ірімшік, сары май), күнбағыс майы, жұмыртқа.

Жыл басынан бастап тұрақтандыру қорынан 4,8 тонна қант және 5,2 тонна басты пияз бөлінді. Шарбақты ауданы толық іріктеуді белгіленген мерзімде жасады.

2016 жылы біздің аудан Павлодар қаласында ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 5 рет қатысты, 24 жәрмеңке Шарбақты ауылында өткізілді, сомасы 12,1млн. теңге.

Ауданның тауарөндірушілері: Жолнеркевич Олег Александрович (жарманы қайта өңдеу) өнімін Павлодар қаласында және ТМД елдерінде сатады;  «Победа» ЖШС (жартылай өңделген өнімдер, нан, сүт) және Қарашашева Нұржамал Қариполлақызы  (шұжық бұйымдарын)  аудан деңгейінде сатады.