Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТЕНДЕРДІ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Басты Жекешелендіру КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТЕНДЕРДІ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТЕНДЕРДІ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

 

Павлодар облысының «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі” ММ коммуналдық меншік объектілерін сату жөніндегі коммерциялық тендерді өткізеді.

 

Коммерциялық тендер 2015 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында (бұдан әрі - тізілім) өтеді.

Коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына (бұдан әрі - қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Коммерциялық тендерге «Шарбақты ауданы әкімдігінің «Ланта» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталдағы 51% үлесі қойылады. Шарбақты ауданы әкімдігінің «Ланта» ЖШС дара қатысушы  мемлекет тұлғасында Шарбақты ауданы әкімдігі болып табылады. Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты а., Советтер көшесі, 51-үй.

Бастапқы бағасы – 2494800  теңге.

Кепілдік жарна  415800 теңге.

 

Тендердің шарты

 

1) 5 (бес) жыл ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметін сақтау;

2) жұмыс орындарын сақтау;

3) 5 (бес) жыл ішінде мемлекеттік қатысу үлесінің сатып алу-сату туралы шартына қол қойылған сәттен бастап жекешелендіру объектісіне қатысты (басқа да және басқармаға тапсыру, қайта сату, кепіл) мәміле жасауды шектеу;

4) «Шарбақты ауданы әкімдігінің «Ланта» ЖШС қызметіне қатысу үлесін сатып алу–сату шартын бекіткеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, кейіннен «Шарбақты ауданы әкімдігінің «Ланта» ЖШС бухгалтерлік балансына қойып, 26 800 000 теңгеден кем емес сомасында арнайы техниканы (бір қырынан жүктейтін қоқыс тасығыш, жеңіл үлгідегі автогрейдер және басқа да қажетті арнайы техника) сатып алу үшін қаржы жұмсау.

Коммерциялық тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және коммерциялық тендер басталуға екі сағат қалғанда аяқталады.

Бірыңғай оператордың реквизиттеріне кепілдік жарна енгізіледі: алушы «Ақпараттау-есепке алу орталығы» АҚ ЖСН: 050540004455 ЖСК: KZ529261501102032004 БСК: KZКОКZКХ Банктің атауы: «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ  СТК: 171 КБЕ: 16

Төлем нысаны: Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна (банк қызметтерінің төлемі кепілдік жарнаға енгізілмейді).

Назар аударыңыздар!  өтінімдерді қабылдау үшін веб-порталдан бас тартуға, хабарламада көрсетілген қатысуышлардың талаптарын сақтамау, сонымен қатар сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын бірыңығай оператордың есепшотына кепілдік жарнаның түспеуі оған негіз болып саналады.

            Коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін, қатысушының қол қойылған ЭЦҚ, үлгі бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Коммерциялық тендерге қатысушылар өтінімді мынадай:

1)мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабарламаның жариялану сәтінде) үзінді-көшірмелерді;

2)тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің веб-бетінде арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс пен бағалық ұсынысты;

3)сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариатта куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариатта расталған көшірмелерін ұсынады.

Коммерциялық тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың, заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Коммерциялық тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың тұпнұсқаларын не нотариатта куәландырылған көшiрмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

 

Коммерциялық тендер өткізудің тәртібі

 

Коммерциялық тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада  көрсетілген күні мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Тендердi өткiзу кезінде комиссия ұсынысы жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары мәнді қамтитын және тендердiң шарттарын қанағаттандыратын қатысушыны тендердiң жеңiмпазы деп жариялайды.

Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын болса, онда осы қатысушылардың арасында ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.

Коммерциялық тендердің жеңімпазы коммерциялық тендер аяқталғаннан кейін электрондық хаттамаға қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық почта арқылы хабардар етіледі.

Коммерциялық тендерде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні комиссияның барлық мүшелері мен коммерциялық тендердің жеңімпазы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендердiң нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Егер жеңімпаз коммерциялық тендер нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына көрсетілген мерзімдерде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы тендер нәтижесінің күшін жою туралы актіге ЭЦҚ арқылы қол қояды.

Ұйымдастырушы Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 53 мекенжайында орналасқан «Шарбакты ауданының  қаржы бөлімі» ММ болып табылады.

Коммерциялық тендерді өткізу туралы қосымша ақпаратты  www.gosreestr.kz. сайтында немесе 8(71836) тел. 2-16-83 телефоны арқылы білуге болады.