Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік ӘкҚБК 158 бабы, ҚК 222 бабы
Басты Мүлікті жария ету Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік ӘкҚБК 158 бабы, ҚК 222 бабы

 

Тауарлық белгіні құқықтық қорғаудың мәні – қолданушы басқа тұлғаларды қоспағанда, иесіне тауарлық белгіні пайдалануына шексіз мүмкіндік беру болып табылады. Тауарлық белгіге құқық абсолютты болып келеді. Құқық иесінің келісімінсіз кез келген тауарлық белгіні пайдалану, құқық бұзушылық болады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлық белгіні мемлекеттік қорғау Зияткерлік меншік құқықтар бойынша комитетінде тіркеу жолымен немесе Қазақстан Республикасында күші бар жалпыға бірдей белгілі тауарлық белгі деп тану белгіленген тәртіпте 1983 жылғы 20 наурыздағы өндірістік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Назар аударатын жағдай, Қазақстан Республикасында тауарлық белгіні мемлекеттік тіркеу немесе жалпыға бірдей белгілі тауарлық белгі деп тану тауарлық белгі иесіне оның мемлекеттік қорғауын жүзеге асырады.Тауарлық белгіні мемлекеттік тіркеу, тауарлық белгіні тіркеу туралы өтінішті карау және тауарлық белгіні тіркеуге өтініш тапсыру тәртібі 1996 жылғы 08 қазандағы Қазақстан Республикасы Патенттік агенттігінің ережесімен реттеледі.

2002 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары бойынша Комитеті Төрағасының № 133 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) жалпыға мәлiм деп тану жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген немесе Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісім күшімен қорғалатын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында құқықтық қорғауынсыз тауарлық белгінің ретінде қолданылатын, алайда, Қазақстан Республикасыда халық арасында еніп, нәтижесінде белсенді қолданылып кең көлемде мәлім болған тауарлық белгі, жалпыға бірдей белгілі тауарлық белгі деп тануы мүмкін

Қазақстан Республикасында тауарлық белгіні жалпыға бірдей белгілі тауарлық белгі деп тануы үшін тауарлық белгінің иесі, зияткерлік меншік құқықтары бойынша Комитетінің аумақтық өкілдіктері арқылы өтініш тапсыру қажет. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлық белгіні пайдалануға лицензиялық шарттар, сондай-ақ, барлық енгізілген өзгерістер мен толықтырулар зияткерлік меншік құқықтары комитетінде және орын аумақтық өкілдіктерінде мемлекеттік тіркеуге жатады.

Назар аударатын жағдай, егер де лицензиялық шарт, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тіркелмеген болса, құқықтық салдарға алып келетін барлық қызмет жарамсыз деп танылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңсыз тауарлық белгіні пайдаланғаны үшін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, соның ішінде «Азаматтық кодекстің» 1032 бабы, «Әкімшілік құқықбұзушлық» кодексінің 158 бабында, сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 222 бабында жауапкершілік қарастырылған. Аталмыш баптарда ӘкҚБК 158 бабы бойынша (2014 жылдың 05.07 жағдайында) заңсыз тауарлық белгіні пайдаланғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен, ӘкҚБК 158 бабы «Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану» аталуы осыдан. «Тауарлық белгі туралы» Заңның 4 бабының 4 тармағында Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайтындығы анықталды. Сондай-ақ, Заңның 19 баптың 7 тармағында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына азаматтық айналымға тiкелей тауар белгісінің құқық иеленушісі заңды енгiзген немесе оның келiсiмiмен енгiзiлген тауарларға қатысты тауар белгісін басқа тұлғалардың пайдалануы осы тауар белгісіне айрықша құқықты бұзу болып табылмайды. Заңның 43 бабының 1 тармағы тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын немесе араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi бiртектес тауарлар мен қызметтерге қатысты, ал жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасы болғанда - кез келген тауарлар мен қызметтерге қатысты азаматтық айналымға рұқсатсыз енгiзу тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып танылатындығ айқындалды.