Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы «Шарбақты ауданының аумағында орналасқан мүлікті жариялауды өткізу жөнінде комиссия құру туралы» 297/16 қаулысына өзгертулер енгізу туралы
Басты Мүлікті жария ету Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы «Шарбақты ауданының аумағында орналасқан мүлікті жариялауды өткізу жөнінде комиссия құру туралы» 297/16 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы «Шарбақты ауданының аумағында орналасқан мүлікті жариялауды өткізу жөнінде комиссия құру туралы» № 297/16 қаулысының 1 қосымшасына келесі өзгерту енгізілсін:

 - Аккузинов А.С. комиссия құрамынан шығарылсын;

 - аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орныбасары – Ризагүл Алексейқызы Неғманова комиссия төрағасы ретінде, комиссия құрамына енгізілсін;

Аудан әкімі Б. Ыбыраев