Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Рақымшылық жасалатын объектілердің өрт қауіпсіздігі
Басты Мүлікті жария ету Рақымшылық жасалатын объектілердің өрт қауіпсіздігі

         2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» №213-V ҚР Заңы 1 бабының 3 тармағына сәйкес рақымшылық етілетін объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рақымшылық жасау комиссия құрамына мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілдері енгізілген. Рақымшылық жасауға материалдарды жолдайтын объектілердің иелері назарына объектілерде міндетті түрде өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындалу қажеттілігін қосымша ескертеміз: өрт хабардау автоматикасының орнатылуы, өрт сөндіру құрал-жабдықтарымен қамтылуы, электр жүйелері мен су құбырларының ақаулықсыздығы, өрт қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзге де шаралардың орындалуы.

Шарбақты ауданының ТЖБ, Н. Есимханов