Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жапсарлас құрылысты жария ету
Басты Мүлікті жария ету Жапсарлас құрылысты жария ету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының мүлікті жекешелендірумен байланысты, Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр оралмандар мен тұлғаларға рақымшылық жасау туралы»  Заңы жүзеге асырыла бастады. Осы заң бұрын құрылысы аяқталған, бірақ белгіленген тәртіпте пайдалануға қабылданбаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы жылжымайтын мүлікке құқықты ресімдеу бойынша мемлекеттік тіркеуден өтпеген, жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануды ұйымдастыру және жүргізудің ерекше тәртібін белгілейді.

             Халықтың көпшілігі рұқсатсыз, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүлікті ресімдемей, өздерінің үй маңындағы учаскелерінде тұрмыстық-шаруашылық құрылыстарын жүргізген. Мүлікпен мәміле (сату, сыйға тарту, кепілге қою және т.б.) жасаған кезде проблема туындайды, техникалық паспорт және құқықтығын белгілеу құжаттары арасында сәйкессіздік пайда болады, сондықтан мәмілені тіркеу мүмкін емес.

              Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 663 бабының 1 тармағына сәйкес «Тапсырыс беруші мердігерден құрылыстық мердігерлік шарт бойынша орындалған жұмыстарды тапсыруға дайындығы туралы  хабарлама алған кезде егер ол шартта көзделсе, жұмыс кезеңі, олардың нәтижесін қабылдауға дереу кірісуге міндетті».

              Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1728 қаулысымен бекітілген, меншік иесімен өздігінен салынған объектіні  пайдалануға қабылдау Ережесінің 4 тармағына сәйкес құрылыс салушы құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтаған кезде, мердігерден (егер объекті мердігерлік әдіспен салынса) объектінің дайындығы туралы хабарлама алғаннан кейін пайдалануға қабылдау рәсіміне кірісуі тиіс.

            Тұрғындардың көпшілігі заңды білмегендіктен осыны жасамады. Қазіргі күні сотқа жүгінбей, өзінің мүлігін ресімдеу мүмкіндігі туындап отыр, мүлікті заңдастыруды жүргізу жөнінде құжаттарды комиссияға ұсынуға болады. Осы жағдайда ең аз құжаттар пакетін талап етеді.

 

 

                    

«Шарбақты ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ  басшысы

                                      

 

                                 Р.Г. Гумаров