21 Сентября
, 05:09
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мүлікті жария ету (2014-2015)
Басты Мүлікті жария ету Мүлікті жария ету (2014-2015)

Мүлікті жария ету

 

           Мемлекет мүлікті жария ету акциясын жариялап  азаматтарға өз мүлігін тіркеуге тағы да мүмкіндік береді.

          2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін  мүлікті жариялау акциясы жалғастырылады, құжат қабылдау мерзімі 2015 жылғы 30 қарашаға дейін  жүргізіледі.

Мүлікті жария ету- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес емес немесе басқа азаматтың атына ресімделген мүлікті заңдастыру.  Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті екі жағдайда жария етуге болды. Біріншіден, азаматқа жататын бірақ, заңнамаға сәйкестіндірілмеген кезде жария ету мүмкін. Тұрғын үй, саяжай, тұрақ, шаруашылық ғимараттарды  жариялау егер азаматқа жер учаскесі ресімделген және нысаналы тағайындауға сәйкес болуы қажет. Аудан әкімдігінде құрылған комиссияға заңда белгіленген нысан өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, басқа тұлғаның мүлікті жария ететін жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз бергенi туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсыну қажет. Сонымен қатар мүлікті жариялауға меншікті жер учаскесінде салынған, бірақ, уәкілетті органның келісіміне сәйкес емес тұрғын үй және ғимараттар жатады. Сонымен қатар жер учаскесі, жария етуші азаматтың жек меншігінде болуы қажет. Мысалы азаматтың жеке меншігіндежер учаскесі бар, бірақ ол азамат сол жерге рұқсат қағаздарын ресімдемей, тұрғын үй құрылысын салып, бірақ құжаттар ресімделмегендіктен мүлікті жариялау  үшін техникалық паспорт, ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысын алу қажет. Осы жағдайда комиссияға белгіленген нысанда өтініш, жеке куәлік, техникалық паспорт және сарапшы қортындысын ұсыну қажет.

Мүлікті жариялауға құжатсыз мүлік немесе ресімделмеген мұрадан қалған мүліктер, жеке қосалқы құрылысына алынған жерге салынған дүкен, ресімделмеген немесе тіркелмеген жер учаскесіне салынған тұрақ немесе саяжай жатпайтындығын айта кеткен жөн.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес мүлікті жариялауға тек қана жеке тұлғалар ғана қатьса алады, заңды тұлғалар қатыса алмайды.