18 Сентября
, 20:54
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Тапсырманы орындау үшін
Басты Мүлікті жария ету Тапсырманы орындау үшін

Облыс әкімі Б.Ж. Бақауовтың аудан әкімдерінің 2016 жылдың        1 жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық қорытындылары бойынша  есеп берулері барысында «Шарбақты ауданында мүлікті жария ету бойынша жүргізілген жұмыстың оң үлгісін зерделеу» 41 тармағы бойынша тапсырмасын, және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұрғылықты түрі бар тұлғалардың, олармен мүліктің жария етілуіне байланысты рақымшылығы туралы» Заңын орындау барысында.

             2016 жылғы 29 шілдеде біздің ауданда мүлікті жария ету бойынша жүргізілген және жүргізіліп жатқан жұмыстарда тәжірибе алмасу жөнінде семинар өткізілді.

             Кеңеске қатысқандар:

             Бегімов Талғат Асқарұлы – Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары,

             Беготаева Қадиша Қабұлдақызы – Павлодар облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары;

Семинарға шақырылғандар: мемлекеттік мекеме басшылары, жария ету жөніндегі комиссия мүшелері.

             Семинарда сөз сөйлегендер:

             Бегімов Талғат Асқарұлы – Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары,

             Беготаева Қадиша Қабұлдақызы – Павлодар облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары;

             Ахметова Толқвн Мәменқызы – Шарбақты ауданының қаржы бөлімі басшысы;

             Байзақова Аслана Сансызбайқызы – «Шарбақты ауданының әділет басқармасы» РММ басшысы

             Семинар барысында қатысушылармен қойылған сауалдарға толық жауаптар берілді, сондай-ақ  2014 жылғы 30 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұрғылықты түрі бар тұлғалардың, олармен мүліктің жария етілуіне байланысты рақымшылығы туралы» заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді.

             Тәжірибе алмасу үшін басқа аудандар өкілдері шақырылды.

на сайт финансы