Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қор "Бизнес жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша шағын қаржы ұйымдарын несиелендіре бастады
Басты Ауыл шаруашылығы Қор "Бизнес жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша шағын қаржы ұйымдарын несиелендіре бастады

пап

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несиелеу бойынша уәкілеттік ұйым ретінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және дамыту Біріңғай бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтініштерді қабылдай бастады.
Аталған бағдарлама аясында қаржылай қолдаудың бір шарасы болып - шағын кәсіпкерлікті шағын несиелеу бағыты бекітілген. 
Бағдарламаның мақсаты – аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және баланстандырылған өсуі мен істеп жатқан және жаңа жұмыс орындарын ашуды  қамтамасыз ету. 
Ол үшін 2016 жылы республикалық бюджеттен 2 млрд. 647 млн. теңге бөлінді. 2017-2018 жылдары да осы көлемде қаржыландыру жоспарланған. 
Аталған несиелеу бағдарламасы Қазақстанның барлық облыстарында жүзеге асырылады. Бөлінген қаржы моноқалалар, шағын қалалар, ауылдық елдімекендердегі шағын қаржы ұйымдарын несиелеу арқылы шағын бизнес субъектілерін шағын несиелеуге бағытталады.

  • Несиелеу бағдарламасының талаптараны сәйкес, қарыздар шағын несие ұйымдарына одан әрі өз жобаларын жүзеге асырып жатқан немесе асыруды жоспарлаған кәсіпкерлерге бағытталады, - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаев. - Түпкі қарыз алушыларға берілетін шағын несиелердің мақсатты бағыттауы – өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту және айналымдағы капиталды салалық шектеусіз толықтыру.

Қарыз алушы - шағын қаржы ұйымына - берілетін қарыздың максималды сомасы – 350 млн. теңге, бір түпкі қарыз алушыға – 10 млн. теңгеден аспайды. ШҚҰ үшін бекітілген сыйақы үстемесі – жылдық 4%, жылдық тиімді сыйақы үстемесі – 4,5% аспайды; түпкі қарыз алушылар үшін номиналды үстеме – жылдық 12% аспайды. 
ШНҰ және түпкі қарыз алушылар үшін қарыз бен шағын несиенің мерзімі – 54 айдан аспайды. Айналымдағы капиталды толықтыруға бекітілген мерзім – 36 айдан ұзақ емес. 
Несиелеу талаптарымен Қордың www.kazagro.kz/web/fond сайтында немесе 8-8000-80-35-05 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы танысуға болады.
Жалпы, 2006 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несие (шағын қаржы) ұйымдарын қолдауға 10 млрд. 226 млн. теңге бағыттады, бұл қаржыдан түпкі қарыз алушыларға 23 мыңға жуық шағын несие берілді. Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ШҚҰ қаржыландыру 305,6  млн. теңге сомасында жоспарланған. 
Анықтама үшін: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. 
2007 жылдан бастап «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ құрамына кіреді. Қордың миссиясы – ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, ауылды жерлерде тиімді шағын несиелеу жүйесін дамыту арқылы халықтың хал-ауқатын арттыру. 
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі
Тел. 8 /7172/ 678 250, e-mail: pressa@fagri.kzhttp://www.kazagro.kz/web/fond