Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Депутаттар

   № 1 Александровка сайлау округінен Шарбақты

аудандық мәслихатының депутаты

Едігей Төлебайұлы Арбиевтің

арбиев

Өмірбаяны:

                 1967 жылы 18 наурызда Павлодар облысында дүниеге келген. 1985 – 1987 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызметте болған. Әскерден келген соң еңбек жолын Екібастұз Көмірдің «Северный» разрезінде, экскаватор машинистінің көмекшісі болып істеген. 1997 жылғы тамыздан Екібастұз қаласындағы «Богембай»  шаруа қожалығының басшысы. 2003 жылы «Өндірістік және азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне оқуға түседі. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Абай» ЖШС-нің бас директоры болып жұмыс атқаруда.

 

№ 9 Шарбақты сайлау округінен Шарбақты

аудандық мәслихатының депутаты

Нұрмира Өміржанқызы Жакупованың

 Жусупова

  Өмірбаяны:

1967 жылы 14 мамырда ШҚО Абай ауданы Қызыл-ту ауылында дүниеге келген.  1984 жылы мектепті бітірген соң комсомол-жастар бригадасында жұмыс істеген. 1985 жылы Н. Крупская атындағы Семипалатинск педагогикалық институтының дайындық курсына тыңдаушы болып қабылданады. 1986 жылы Семипалатинск педагогикалық институтына түседе және осы аталмыш институтты 1991 жылы қазақ мектептерінде орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шығады.  1991 жылы ШҚО Абай ауданының Құндызды орта мектебінде педагогикалық қызметін бастайды. Павлодар облысына қоныс аударған соң, Шарбақты ауданының Хмельницкі жалпы орта білім беру мектебінде 1994–2015 жылдар аралығында мұғалім, мектеп директорының оқу істері жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2015 жылғы тамыздан «Шарбақты ауданының Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта мектебі» ММ директоры қызметін атқаруда.

 

№ 8 Шарбақты сайлау округінен Шарбақты

аудандық мәслихатының депутаты

Қарлығаш Халелқызы Ибрагимованың

 

Ибрагимова  

Өмірбаяны

1961 жылғы 13 шілдеде Шығыс-Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Семей медициналық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1985 жылы Хмельницкі ауылдық учаскелік ауруханасының бас дәрігерлігінен бастаған. 1988 – 1991 жылдары Шарбақты аудандық ауруханасының жасөспірімдер кабинетінің дәрігері және жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі. Қазіргі кезде «Шарбақты ауданының орталық ауруханасы» Шаруашылық жүргізуге құқылы МКК-да бастауыш медицина-санитариялық көмек бойынша бас дәрігердің орынбасары лауазымында істейді. 

 

№ 11 Шалдай сайлау округінен Шарбақты

аудандық мәслихатының депутаты

Үміт Жомартқызы Қайдағұлованың

 Кайдагулова

Өмірбаяны

1967 жылы 3 ақпанда Павлодарской облысы, Шарбақты ауданы, Арба- иген ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Шалдай орта мектебін бітіріп, сол жылы Шалдай орта мектебінде аға пионер жетекшісі болып жұмысқа орналасады. 1985 жылы табиғаттану мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Мамандығы бойынша 1990 жылдан Шалдай орта мектебінде биология және химия пәндерінің оқытушысы болып жұмыс атқарады. 2009 жылы осы мектептің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі мектеп директорлығы лауазымына ауыстырылады.

 

№ 4 Қарабидай сайлау округінен Шарбақты

аудандық мәслихатының депутаты

Динат Тахаудинұлы Қалыбаевтың

  Калыбаев

Өмірбаян парақтары:

1981 жылы 17 қарашада Шарбақты ауылында дүниеге келген. 1989 – 1999 жылдары № 1 Шарбақты мектебінде білім алған. 2004 жылы Павлодар мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 – 2006 жылдары әскер қатарында қызметте болған. Еңбек жолын 2006 жылы 2033 әскери бөлімшеде, келісімшарт әскери қызметтен бастаған. 2011 – 2013 жылдары «Павлодар облысы Шарбақты ауданының еңбекпен қамту» КММ маман болып жұмыс атқарды. 2013 жылдан «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында» маман болып жұмыс істейді.

 

№ 3 Галкин сайлау округінен Шарбақты

аудандық мәслихатының депутаты

Мәдениет Қолтаевтың

 

  Колтаев       

Өмірбаяны

         Мәдениет Қолтаев 1962 жылы тұған, тұған жері Шарбақты ауданы Ботабас ауылы, қазақ. 1980 жылы Галкин орта мектебін бітірген. Кеңес Армиясы қатарында 1981 – 1983 жж. Германиядағы Кеңес әскери тобында қызмет атқарған. Білімі жоғары, 1983 – 1988 ж. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ветеринария дәрігері – мамандығы бойынша тәмамдаған. «Қалтаев» шаруа қожалығының басшысы.  

 

№ 2 Алексеевка сайлау округінен Шарбақты

аудандық мәслихатының депутаты

Виктор Григорьевич Лямцевтің

Лямцев   

Өмірбаяны:

1963 жылы 11 ақпанда Шарбақты ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Шарбақты орта мектебін бітірген. 1980 жылы ДЭСУ-433 жол құрылысы жұмысшысы болып қабылданады. 1981 – 1984 жылдары Кеңес Армиясы қатырында қызметте. 1984 жылдан Шарбақты аудандық автожолда жол құрылысы жұмысшысы қызметін жалғастырады. 1985 жылы құрылысшы – шебер мамандығы бойынша Омбы құрылыс және жол құрылысы техникумына сырттай оқуға түседі. 1987 жылы жол құрылысы шебері болып ауыстырылды. 1999 жылдан «Шығыс Жолдары» ЖШС-нің директоры.

 

№ 10 Шарбақты сайлау округінен Шарбақты

аудандық мәслихатының депутаты

Людмила Владимировна Маринконың

  Маринко

Өмірбаяны:

  1978 жылғы 26 қарашада Шарбақты ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Шарбақты ауданының № 1 орта мектебін бітірген. Мектеп бітірген соң 1995–1997 жылдары № 1-ші орта мектепте балалар ұжымын ұйымдастыру шы болып жұмыс істеген. 1997 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне оқуға түсіп 2001 жылы география мамандығы бойынша тәмамдаған. 2001–2012 жылдары № 2-ші Шарбақты негізгі мектебінде оқытушы,тәрбие жұмыстары бойынша, оқу істері бойынша мектеп директорының орынбасары. 07.2012 – 09.2013 жылдары «Нұр Отан» партиясы Шарбақты филиалы төрағасының орынбасары. 09.2013 жылдан

№ 2-ші Шарбақты негізгі мектебінде тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары.

 

№ 12 Шегірен сайлау округінен Шарбақты

аудандық мәслихатының депутаты

Қисамиден Мәкауұлы Мәшеновтың

 Машенов

Өмірбаяны:

1959 жылғы 18 наурызда Есілбай ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Есілбай орта мектебін бітірген. 1978 жылы Кенжекөл а. Зооветеринариялық техникумын  веттехник мамандығы бойынша тәмамдаған. 1978 – 1980 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызметте болған. 1982  – 1998 жылдары «Чигириновка» ұжымшарында бригадир. 1998 жылдан бастап жеке кәсіпкер. Жас ұрпақтарды патриоттық тәрбиелеу бағытындағы барлық іс-шаралар мен игілікті жұмыстарға демеушілік жасайды.

 

 

№ 7 Хмельницкі сайлау округінен Шарбақты

аудандық мәслихатының депутаты

Динара Қамшыбекқызы Смакованың 

Смакова  

Өмірбаяны:

  1988 жылғы 1 қаңтарда Есілбай ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Павлодар мемлекеттік университетін жылуэнергетика мамандығы бойынша және 2013 жылы Павлодар инновациялық евроазиялық университетін жергілікті мемлекеттік басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Тарихи-аймақтық мұражайында, қорларды сақтаушы лауазымынан бастаған. 2015 жылдан Тарихи-аймақтық мұражайының басшысы.

 

 

№ 6 Орловка сайлау округінен Шарбақты

аудандық мәслихатының депутаты

Сергей Филиппович Широцкидің

 Широцкий

Өмірбаяны:

1970 жылы 20 қаңтарда Орловка селосында дүниеге келген. 2005 жылы Новосібір мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. 1992 – 2004 жылдары «Победа» ЖШС, инженер болып істеген. 2004 жылы осы ЖШС-те  бас инженер лауазымына тағайындал

 

 

 

 Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы

 Светлана Владимировна Шпехт 

                            1-1                             

         Светлана Владимировна Шпехт 1960 жылғы 18 қазанда тұған, ұлты-орыс, білімі - жоғары,Павлодар педагогикалық институтын тәмамдаған, мамандығы орыс тілі және әдебиетінің оқытушысы.

         Светлана Владимировна еңбек жолын 1980 жылы Шарбақты ауданының Красиловка ауылында КОКП  22-ші съезді атындағы ұжымшарда спорт әдіскері қызметінен бастаған. 1981 жылы Шарбақты ауданының Красиловка орта мектебіне аға пионервожатый қызметіне қабылданып, кейінше орыс тілі және әдебиеті мұғалімі болып ауысады. 1993 жылы  Красиловка орта мектебі директорының оқу істері жөніндегі орынбасары болып тағайындалады. 1996 жылдан 2008 жылғы қараша аралығында – Красиловка орта мектебінің директоры. 2008 жылғы қараша - 2013 жылдары – Красиловка ауылдық округінің әкімі. 2013 жылғы қарашадан – Шарбақты ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

           2016 жылғы 25 наурызда Шарбақты аудандық мәслихатының хатшылығына сайланды.

           «Нұр Отан» партиясының мүшесі.  

            Тұрмыста, 3 ер жеткен балалары бар.

             Қабылдау күндері мен байланыс ақпараты.

             Қабылдау күндері: дүйсенбі  сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

             Телефон : 8-718-36-2-13-25 факс 2-12-72

  Адрес : 141100,Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 51

               Е-mail: scherb.maslihat@mail.ru