Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы
Басты Аумақтық органдар "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы

2016 жылғы 24 маусымда Шарбақты ауданының «Нұр Отан» партия филиалында «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өтті. «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясын Шарбақты ауданының әділет басқармасының басшысы мен адвокат жүргізді. Тұрғындармен кездесу Шарбақты аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде өтті. Ауыл тұрғындарында мүлікті тіркеу, жерге қатысты құқық орнату құжаттарды қалпына келтіру, жерді қайтарып алу мәселелері жайындағы сұрақтары болды.

         Аталған акцияда мүлікті тіркеу, жерге қатысты құқық орнату құжаттарды қалпына келтіру мәселелері оң шешімін тапты.

         «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясын ұйымдастырушылар келген азаматтарға барынша көңіл бөліп, қарапайым және жеткілікті түрде сауатты кеңес беруге тырысты.