Нашар көретіндерге арналған нұсқа
0 1 2
0 °C
Біздің телефонымыз +7 (71836) 21-650 WhatsApp +7 (705) 385 14 44 reception.ashr@pavlodar.gov.kz

Шарбақты ауданының прокуратурасы

Прокурор: Жижис Станислав Альфонсасович

Мекен-жайы: 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты селосы, Ленин көшесі, №50

Телефон: 8 (7182) 21533

 Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2015 жылғы 27 шілдедегі

№ 95 бұйрығына 2-қосымша

   

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі қызмет беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) қызмет берушінің кеңсесі арқылы;

2) «Халыққа қызмет көрсетуорталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) қызмет көрсетушіге немесе ХҚКО құжаттар топтамасын өткізу уақытынан бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн;

ХҚКО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық ақпаратты және/немесемұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі

1) қызмет берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкесдемалыс жәнемереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсету алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

2) ХҚКО-да - Қазақстан Республикасыныңеңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, орталықтың орнатылған жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден сенбі күнін қоса алғанға дейін, үзіліссіз 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет қызмет берушінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі, қабылдау жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде іске асады.

9. Қызмет алушының болмаса сенімхат бойынша оның өкілінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінгенде қажетті құжаттардың тізбесі (басқа елдерден келіп түскен сұраулардан басқа): қызмет көрсетушіге:

1) осы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартының1 қосымшасына сәйкес нысаны бойынша мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық сақтық көшірме немесе үзінді көшірмесін беру туралы өтініш;

2) жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін);

3) туыстарына ақпарат алу кезінде туыстық деңгейін растайтын тиісті құжаттар (туу туралыкуәлік, заңды деректі анықтау туралы заңды күшіне енген тиісті сот шешімі);

4) мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат;

ХҚКО-на:

1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық сақтық көшірме немесе үзінді көшірмесін беру туралы өтініш;

2) жеке куәлікқұжаты (жеке басты сәйкестендіру үшін);

3) туыстарына ақпарат алу кезінде туыстық деңгейін растайтын тиісті құжаттар (туу туралы куәлік, заңды деректі анықтау туралы заңды күшіне енген тиісті сот шешімі);

 4) мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат. Жеке басты куәландыратын, тууы туралы куәлік құжаттарының мәліметтерін қызмет көрсетуші және ХҚКО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсеткенде ақпараттық жүйедегізаңмен қорғауды құрайтынқұпия мәліметтерді пайдаланғанда, қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады, егер бұл Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылмаса

ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдағанда қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі. ХҚКО дайын құжаттар жеке куәлігін ұсыну арқылы қолхаттың негізінде беріледі (болмаса оның өкіліне нотариуспен бекітілген сенімхат бойынша). ХҚКО нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, одан кейін қызмет берушіге әрі қарай сақтауға береді. Қызмет алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, ХҚКО сұрауы бойынша қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты қызмет алушыға беру үшін ХҚКО жолдайды.

10. Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының9-тармағымен қарастырылған тізілімге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің
ХҚКО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің ХҚКО-ның және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану, шағым қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жолданады.

 Шағымдар еркін нысанда беріледі және жазбаша түрде пошта арқылы не қызмет берушінің кеңсесі арқылы қабылданады.

Қызмет берушінің кеңселеріне шағымның қабылдануының дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. ХҚКО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына беріледі. Қолма-қол, пошта арқылы түскен ХҚКО шағымды қабылдаудың дәлелдемесі оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаларға - оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаларға - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетiледi.

Қызмет берушінің немесе ХҚКО мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі болмаса қызмет берушінің, ХҚКО кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегіуәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Қызмет алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, қызмет алушы Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

   4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО жеке келу мүмкіндігі жоқ қызмет алушылар тұрғылықты жері бойынша ХҚКО қызметкерлерінің құжат қабылдауға шығу сұрағы бойыншаБірыңғай байланыс орталығына 1414 жүгінуіне болады.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:

1) қызмет берушінікі: www.prokuror.kz; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі.

2) ХҚО: www.con.gov.kz;     

15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс орталығы көмегімен қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары қызмет берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: (1414).


«Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы»

  

Қоғам тарапынан ішкі істер органдарының жұмысын бақылау және олардың айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет Басшысымен «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет – порталын құру тапсырмасы берілді. Осы жүйеде елімізде болған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар белгіленеді.

Аталған шараның орындалуы Ұлт жоспарының 32 қадамында белгіленді

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті уәкілетті орган ретінде ведомствоаралық әрекеттесудің ақпараттық жүйелерінің жауапты орындаушысы болып белгіленді.

Қазіргі таңда ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысының орынбасарымен бекітілген «Іс жүзіндегі шараларды ұйымдастыру туралы» Жоспарына байланысты даярлық жұмыстары жүргізілуде.

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет – порталы Бас прокуратурамен бұрын құрылған «Қылмыстылық картасы» геоақпараттық жүйесі негізінде жүзеге асырылатын болады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер порталдың негізгі ақпараттық көзі болып табылады.

Картадағы ақпарат қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер СДТБТ- не енгізгеннен кейін 3-4 минуттың ішінде көрсетілетін болады.

Интернет – портал екі бөлімнен тұрады: ашық бөлімі  – азаматтарға, жабық бөлімі  - құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған.

Ашық бөлімінде қылмыстың айқындалған жерлері немесе мекен – жайы (ғимарат), уақыты, ауырлығы және түрлері бойынша толықтай көрсетілуі қалыптасады.

«Жазылу» функционалының көмегімен кез-келген азамат өзінің қалауы бойынша белгілі бір аумақты (мысалы, тұратын немесе жұмыс істейтін жері) белгілеу мүмкіндігі арқылы, осы жерлерде тіркелген құқық бұзушылықтар туралы ақпараттарды электрондық пошта арқылы алуға да болады.

Интернетке кіруге мүмкіндігі бар әр азамат Картаны қолданыла алады.

Жабық бөлімінде бекініс бөлімдері, көшпелі посттары және көше камералының орналасуы бейнеленеді, ал полиция органының басшысы онлайн режимінде өткен тәулікте канша қылмыс жасалғаның, күш және құралдарын тиімді қойылуы үшін арасан көп қылмыс жасалған орнындар біле алады.

Әрі қарай «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» порталының мүмкіндіктері Ұлттық геоақпараттық жүйемен, ел бойынша географиялық карталармен, қалалардың және елді мекендердің географиялық деректерінің базаларымен, қылмыстық құқық бұзушылықтарды көруге арналған Жерді қашықтан барлап қарау ғарыштық жүйесімен ықпалдастыру арқылы кеңейтілетін болады.

Қазіргі таңда «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» истернет – порталына қатысты заңнамалық өзгерістерде енгізілді.

Нақты айтқанда, 2015 жылдың 25 қарашасында мемлекет Басшысымен  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылды, осыған сәйкес «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы»  ҚР Заңы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет – порталы туралы қағидасымен толықты және интернет- порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз ету құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетіне жүктелді.

Қолданыстағы «Қылмыстық құқық  бұзушылықтар» сервисі  облыс орталықтарына Астана, Алматы және 19 моноқалалардың барлығына ұсынылды. Жобаның толық іске асырылуы үшін  8 моноқалаларды (бірінші кезең) және 250 – ден астам аудан орталықтарын  (екінші кезең) қосу жоспарлануда.

Бүгінгі күні Арқалық қаласы ІІБ –да СДТБТ АЖ аталған функционал жұмыс істеуде, соның негізінде аймақтағы криминалдық ахуалды жедел түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Карта Комитет сайтында орналастырылған және ішкі істер органдарына, әкімшіліктерге, сонымен қатар интернет жүйесінің қарапайым қолданушыларына қажет.

Әр облысты көрсете отырып, қазірдің өзінде жалпы қылмыстың санын біле аламыз.

Нақты қаланы ашып, қылмысты нүктелер арқылы көруге болады, қызылмен белгіленгендер қылмыс  жиі жасалатын учаскелер., қызғылт сары және жасылдар аз қылмыс жасалатын учаскелер.

Картада қылмыс қашан, қандай жағдайларды жасалғаны да бейнеленген.

Осылайша, 32 – ші қадамның орындалуы бойынша ұйымдастырылған іс- шаралардың арқасында, интернет портал 2016 жылдың аяғында құрастырылып және қолданысқа ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыз

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
EXPO 2017
100 нақты қадам
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Отаu ТV
Казтелерадио
Павлодар облысының әкімдігі
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»
"Работа"
Қазақстан-Павлодар
Казахстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі