Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Біртұтас Болашақ Ұлтты қалыптастыру елдің үздік дамуының негізі
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы Біртұтас Болашақ Ұлтты қалыптастыру елдің үздік дамуының негізі

Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қателерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары екені атап көрсетілген. «100 нақты қадам» елімізде «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мем­лекеттілігін нығайтуға, жолдан адас­пауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Ұлт жоспарын тереңірек қарайтын болсақ, онда: Кәсіби мемлекеттік аппарат құру – мемлекеттік басқару сапасына терең мән беру.

  1.  Заңның үстемдігін қамтамасыз ету – қоғамда заңдардың мүлтіксіз орындалып, салтанат құруы.
  2.  Индустрияландыру және экономикалық өсім – ұлттық табыстылық.
  3.  Біртектілік пен бірлік – бірегейлік, тұтастық.
  4.  Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру – яғни, ашық қоғам.

Бір сөзбен айтқанда мұнда барлығы қарастырылған. Қоғамның сан саласын қамтып тұрғанынан-ақ қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады.

 

Шарбакты аудандық

әділет басқармасының басшысы А.Байзакова

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі