20 Сентября
, 21:00
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Еуразиялық одақтың заңды кеңістігінде тауарлық белгінің қолданылуы»
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы «Еуразиялық одақтың заңды кеңістігінде тауарлық белгінің қолданылуы»

Тауар таңбасы дегеніміз – қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшіне сай тіркелмей қорғалатын занды немесе жеке тұлғалардың біртекті тауарларынан ажырату үшін қызмет ету үшін берілген болып табылады. Яғни, оны қызмет көрсету таңбасы деп те атауға болады. Ал, тауар таңбасына құқықты иелену үшін алдымен оны тіркеуге өтініш берілу керек.

Тіркеу алдында тауар таңбасына сараптама жүргізіледі. Сондықтан, өтініш сараптама жасау ұйымына («Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК) үш данада пошта не факсимильді байланыс арқылы жолданады. Егер өтініш факс арқылы берілсе, сол келіп түскен күннен бастап, бір айдан кешіктірілмей ұсынылуы қажет.

Өтінішпен бірге мынадай құжаттар мен заттар ұсынылады: мәлімделетін белгінің он бес репродукциясы, яғни ол белгі 8x8 см көлемде, ал, тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлері, егер 20х20 см мөлшерден аспаса, олар толық көлемде, егер асып кеткен жағдайға бейнелеу кішірейтілген түрде беріліп және анық болуы тиіс; мәлімделетін белгінің сипаттамасын қамтитын белгіні суреттеу және құрамдас элементтерді көрсету, белгінің мағыналық маңызы және оның элементтері; өтініш беру төлемін растайтын құжат; заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкер мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі тапсырылады.

Осыдан кейін тауар таңбасына екі ай ішінде алдын ала сараптама жасалады. Алдын ала сараптама жасау барысында ұсынылған өтініш құжаттарының және оларда қамтылған мәліметтердің жинақтылығы мен толықтылығы анықталады. Құжаттардың толықтылығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті торағасының 2007 жылдың 24 сәуіріндегі № 55 бұйрығымен бекітілген «Тауар таңбасына өтінімді жасау, ресімдеу және карау жөніндегі» нұсқаулықтың талабына сай тексеріледі. Егер ұсынылған өтініш құжаттары аталған нұсқаулықтың талабына сай болған жағдайда өтініш қабылданған болып саналады және әрі қарай қарауға, толық сараптама жүргізуге жіберіледі.

Тауар таңбасын тіркеу туралы шешімнің негізінде сараптама жасау ұйымы тауар таңбасы оған реттік нөмір бере отырып, мәліметтердің енгізілген күнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Тауар таңбаларының мемлекеттік  тізіліміне тіркейді. Осымен бірге, уәкілетті орган (ҚР Әділет министірлігі Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті) тауар таңбасына арналған куәлікті береді.

Тауар таңбасының иесі тауарына Қазақстан Республикасында тіркелген тауар таңбасы екенін көрсететін латынның (R) әрпін немесе «тауар таңбасы», «товарный знак», «тіркелген тауар таңбасы» деген сөз белгілерін соғуға құқылы. Тауар таңбасының тіркелуі өтініш берілген күннен бастап, он жыл бойы қолданылады. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімі оның қолданылуының соңғы жылы ішінде берілген құқық иесінің өтінішімен әр жолы он жылға ұзартылып отырылады. Тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне енгізілген тауар таңбасын тіркеуге қатысты мәліметтерді, сондай-ақ, оған енгізілген өзгерістерді сараптама жасау ұйымы бюллетеньде жариялайды. Куәлікте берілген барлық тауарлар мен қызметтерге не олардың бір бөлігіне қатысты тауар таңбасына берілген ерекше құқықты оның иесі басқа тұлғаға шарт бойынша беруі мүмкін. Тауар таңбасына құқықтың ауысуы, оның ішінде, оны шарт бойынша немесе құқық мирасқорлығы тәртібімен беру  уәкілетті органмен іске асырылады.