21 Сентября
, 15:54
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Басты мақсат – сыбайлас жемқорлықты тамырымен жою
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы Басты мақсат – сыбайлас жемқорлықты тамырымен жою

Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы 16 жыл бойы қолданыста. Осы жылдар бойы жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында Президент бірнеше Жарлықтар шығарылып, мемлекеттік бағдарламалар бекітіліп, Қорғаныс Кеңесінің отырыстарында пәрменді шаралар қабылданды. 2015 жылы               18 қарашада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы» № 410 Заңы қабылданды. Бұл Заң Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қатынастардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру шараларды реттеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бағытталған.

Қажетті құжаттарды тіркеу қызметі жүйесінде қажетті құжаттарды тіркеу, құжаттама тапсыру, яғни мемлекеттік органдардың қызметі елді аймақтармен тығыз байланыста болуы кезінде кейбіреулері құжаттарды тез тіркеу үшін әр түрлі тәсілдермен қызметшілерді көндіріп, олардың қызметтік бабын пайдалана отырып қызмет көрсетуге итермелейді.

Мемлекеттік органдардағы қызметшілердің көбісі жас маман болғандықтан, тәжірибесі жоқ болғандықтан олар өздерінің қызметттік бабын пайдалануға жақын тұрады.

Осыған байланысты атап өту керек: «Шарбақты аудандық әділет  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінің басым бағыты елді мекендерге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдылықты сақтау мақсатында Әділет министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша нақты тапсырма қойды және осы тапсырмаларды орындау үшін негізгі тапсырмалар орындалып, іс-шаралар жоспары жасалды.

Заңнамада қарастырылған Әділет басқармасына тікелей қатынасты өтініштер бүгінгі күні қатаң бақылауға алынды. «Шарбақты аудандық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Нұр Отан» партиясы филиалымен тығыз байланыс жасап, бірігіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспарын құрып, жұмыс жүргізуде.

Өз арамызда сыбайлас жемқорлық туындамау үшін бас мамандар мен мемлекеттік сот актілерін орындаушылардың жауапкершілігі артылды.

Әділет басқармасы мемлекеттік қызмет көрсету туралы қолданыстағы заңнама бойынша  түсіндірме жұмыстары БАҚ арқылы жарияланады, «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірігіп, сыбайлас жемқорлық туралы жағымсыз көзқарастарын қалыптастыру мақсатында жастармен жұмыс жүргізіліп, флешмоб және «Қолдың тазалығы – ардың тазалығы» атты ацкия өткізілді.

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасының басшысы,

«Қахақстандық заңгерлер

бірлестігінің» мүшесі                                                                               А.Байзақова