Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Зияткерлік меншік саласындағы міндеттер және құқықтар туралы
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы Зияткерлік меншік саласындағы міндеттер және құқықтар туралы

         Елбасы  өзінің  жыл  сайынғы  «Қазақстан  даму  кезеңінің  алға  басуының  жаңа  баспалдағында »  атты  халыққа  жолдауында    мемлекеттің  алдына  өндірілген  өнімнің  конрафактілік қатынасқа  қарсы  тұра  алатын  компания  құру міндетін  қойды. Бұл  қадам    дүниежүзілік сауда  ұйымына  кіру  кезеңінде  өте  қажет,себебі өндірілген  өнімдерді  заңсыз  пайдалану  тек  қана  зияткерлік  меншікке  ғана  емес  мемлекетке де  зиянын  тигізеді.                         

 Қазақстан  Республикасында  зияткерлік  меншікті  қорғау  құқығын  жүйелейтін  нормативтік – құқықтық  актілер  қабылданған.  ҚР азаматтарының нормасы  туралы   Кодекс, әкімшілік  құқықбұзушылық  туралы  Кодекс, «Авторлылық  құқық, шектестік  құқығы  туралы», «Тауар  белгісі, қызмет  көрсету  белгісі  және тауарды  өндірген  жердің  атауы  туралы», «Патенттік  Заң», «Қазақстан  Республикасындағы  селекциялық  жетістіктерді  құқықтық  қорғау  туралы» Заңдар  осы  құжаттардың  ішіндегі   ең  маңыздылары.           

Зияткерлік   меншікті  құрған  автордың  құқығы   өмір  бойы  сақталады  және  ол  қайтқаннан  кейінде  елу   жыл  құқығын   қорғау азаматтық  заңнаманың  негізінде  қарастырылған. Бірақ  зияткерлік  меншік  объектілері  мен  авторлық  құқық  заңды  түрде  тіркеуден  өткен  жағдайда  ғана  уәкілдік  органдар   авторлықты   қабылдап   және   оларды  қорғай  алады.                                         

Зияткерлік  меншік  объектілері екі   топқа  бөлінеді:                                                 1) авторлық   объектілер  мен     шектестік  құқық, бұған  жататындар  әдеби , музыкалық  және  көркемдік  шығармалар,                                                                        2) меншікті  кәсіпорын  объектілері  саласы, бұған  жататындар  тауарлық   белгілер, өнертапқыштық, пайдалы  модельдер, селекциялық  жетітіктер, фирмалық  атаулар  және  кәсіпорындық  үлгілер.                                             Қазақстан   Республикасының   қолданыстағы  заңнамасы  бойынша   объектілердің  авторлары  мен  шектестік  құқығын, автордың  келіспей  оның  шығармаларын  пайдалану, немесе  гонорарды  төлемеу  заңсыз  болып  есетеледі.                                                                                                                   

Заң   бұзушылар, олардың  кінәларын  мойындатқан  жағдайда  «Өнертапқыш, пайдалы модельдер,  кәсіпорындық  үлгілер, селекциялық  жетістіктер   құқығын  бұзу  туралы»,  «Авторлық  және шектестік  құқығы  туралы»,  «Өзгенің  тауарлық  белгісін, қызмет  көрсету  белгісін,  тауарды  өндірген  жердің  атауын  заңсыз  қолдану  туралы», қылмыстық    баптар  бойынша  «Тауарлық  белгіні  заңсыз  қолданудың»,  «Авторлық  және  шектестік  құқықтың»,  «Өзгенің  тауарлық  белгісін, қызмет  көрсету  белгісін,  тауарды  өндірген  жердің  атауын  заңсыз  қолданудың»  және  азаматтық  бап  бойынша  «Азаматтық  құқықты  қорғаудың»,  «Зияткерлік  меншіктің»» негізінде  әкімшілік  және қылмыстық жаза беріледі.

 

  Шарбақты  аудандық  әділет  басқармасы