21 Сентября
, 16:51
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Қазақ тілінің болашағы»

Қазіргідей әлемдік бәсеке жағдайында барлық жағынан алғанда күшті ұлттар ғана өз мүддесі үшін күресе алады. Күшті ұлт болу үшін күшті мәдениет жасау қажет, ал өзінің толыққанды мемлекеттік тілі жоқ ел ешқашан өзгенің тілімен күшті мәдениет жасай алмайды. Өйткені ұлттық мәдениет тірегі біреу ғана, ол тіл болып табылады.

Мемлекеттік тіл ел тұтастығының да ең басты кепілі. Ол еліміздің халқын біріктіретін құрал. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп сезіне де алмайды. Себебі, бір-бірінің тілін түсінбеген халықтың бір-бірінің ой-ниеттерін, мақсат- мүдделерін түсінуі де қиын.

Қандай да болмасын тілді үйреніп-білу адамның бала кезінен қалыптасады. Олай болса жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінің, яғни балабақша мен мектептің тіл үйретуде алатын орны орасан зор. Ол үшін бірінші кезекте оқулықтар сапасын жақсартып, одан кейін қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер біліктілігіне көңіл бөлу қажет

Елбасы Н. Назарбаев өзінің бір Жолдауында, «бүгін мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды. Бұл тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі». Егер бұрын мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу болса, қазіргі күні олар кемінде 95 пайызға жеткізу керек. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін біздің мемлекетімізбен  барлығы  жасалып отыр.  Осы мақсатпен орыс тілі және басқа да тілдер дамытылуда. Президент айтқандай, «қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты».

 

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ