Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Әкімшілік реттеудегі дау кезінде заңнаманың тиімділігі»
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы «Әкімшілік реттеудегі дау кезінде заңнаманың тиімділігі»

Жаһандық экономикалық форумның дүниежүзілік бәсекелесуге кабілеттілік рейтинг көрсеткіштерін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдар, сарапшылар, ғалымдардың қатысуымен жаңа редакцияда «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Арбитраж туралы», «Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заңдарының жобасын дайындалуда.

Әкімшілік реттеудегі дау кезінде заңнама тиімділігінің аясында Әділет министрлігімен Әкімшілік іс жүргізу кодексі дайындалуда, азаматтардың құқығын және заңды мүддесі мен Қазақстан Республикасындағы сот өндірісін әрі қарай жетілідіру болып табылады.

Бүгінгі күні жеке тұлғалардың билік органдарымен жария-құқықтық даулары «Мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдарының және мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін және әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) даулау бойынша іс жүргізу» Азаматтық іс жүргізу кодексінің 27 тарауына сәйкес шешіледі.

Елбасының үкімет алдында Қазақстан Республикасы бәсекеге ең кабілетті 30 елдің қатарына енуге намысты мақсат қойған болатын. Экономикалық процесстердің жаһандану жағдайында Қазақстан басқа елдермен қатаң бәсекелестікке түсуде. болса, сол құрлым бәсекелестер күшейе түседі.

Бүгінгі таңда біздің мақсатымыз құқықтық жүйені жетілдіру, азаматтардың тиісті құқық қорғауын қамтамасыз ету және конституциялық бостандықтарын жүзеге асыратын заңды құру.

 

 

А. Латымханова,

Шарбақты аудандық

әділет басқармасының бас маманы

«ҚЗО» РҚБ Павлодар филиалының мүшесі