Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Жеке меншік құқығы

Субъектінің оған тәуелді мүліктің өз қалауы бойынша иелік етуі, қолдануы және билік етуі заңнамалық актілермен мойындалатын және қорғалатын жеке меншік құқығы болып табылады.

    Жеке меншік құқығы мәміле жасалу кезінде болған барлық ауыртпалықпен бірге басқа тұлғаға беріледі.

     Жеке меншік иесіне өз мүлкіне иелік ету,қолдану және билік ету құқықтары жатады.

     Иелік ету өз алдында мүлікті нақты қолдануды жүзеге асыратын заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндікті білдіреді.

     Қолдану құқығы өз алдында мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін заң бойынша алып тастауды, сонымен қатар онымен пайда табуды білдіреді.Пайда,табыс,өсім,жеміс және басқа нысанда болуы мүмкін.

     Билік ету құқығы өз алдында мүліктің заңнамалық тағдырын анықтауға заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндікті береді.

     Меншік иесі оған тиесілі мүлікпен өзінің қалауы бойынша кез келген әрекетті жасауға құқылы,сонымен қатар бұл мүлікті басқа тұлғаның меншігіне шығаруға, меншік иесі бола тұрып мүлікке иелік ету, қолдану және билік ету бойынша меншікті кепілге беруге және оны басқа тәсілдермен жүктеуге, басқадай түрлермен билік етуге өз құқығын бере алады.

     Меншік иесі өз құқығын жүзеге асыру үшін мемлекеттің және басқа тұлғалардың құқықтарын бұза алмайды.Меншік иесі өзінің құқықтық жағдайымен  заңды мүддені бұзу туралы  пішіндерді қарастыра алады.

     Меншік иесі оның құқығын жүзеге асыру барысында қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына келетін залалдың алдын алу шараларын қабылдауға міндетті.

     Жеке меншік құқығы мерзімсіз болып келеді.Мүлікке деген жеке меншік құқығы тек қана ҚР Азаматтық кодексімен қарастырылған негіздер бойынша мәжбүрлі түрде тоқтатылады.

 

 

 

Шарбақты аудандық

Әділет басқармасының бас маманы

«Қазақстан заңгерлер одағы»

республикалық қоғамдық бірлестігінің

Павлодар облыстық филиалының мүшесі                                                Д. Бегайдарова