21 Сентября
, 17:08
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  

 

      Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіп білдіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды.
Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ.

Қазақстанда 2014 жылдың 26 желтоқсанында жаңа бағдарламалы құжат  «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы» бекітілді.   Бұл құжат сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ұйымдастыру бойынша негізгі элементтердің жүйесі болып табылады. Жалпы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы  екі негізгі мақсатқа жетуді көздейді: ұлттық дәстүрлерді ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетті, тіпті бала кезінен қалыптастыру және мемлекеттік органдардың қызметін қауымдық бақылауды дамыту.

         ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңымен сыбайлас жемқорлықтың жаңа термины енгізілді. Сыбайлас жемқорлық  дегеніміз жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк, сондай-ақ  мүліктік емес игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалану.

 

А. Латымханова

Шарбақты аудандық

әділет басқармасының бас маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодар филиалының мүшесі