Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Өткізілген «дөңгелек үстел» туралы  

 

2018 жылғы 19 ақпанда Шарбақты аудандық әділет басқармасы басшысының м.а. А.А. Латымханова Шарбақты ауданының полиция қызметкері, лейтенант А. Мусатаев, сондай-ақ ауданның шағын және орта кәсіпкерліктің қатысуымен «Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауардың шығу орнын немесе фирмалық атауын заңсыз пайдалану» тақырыбы атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Шара барысында Шарбақты аудандық әділет басқармасы басшысының м.а. А.А. Латымхановамен «ҚР тауарлар белгілері туралы Заңының» тауар белгісін қолдану бөлігінде негізгі ережелері түсіндірілді,  бөтен тауарлық белгіні заңсыз қолдану туралы сөз қозғалды. «Дөңгелек үстел» барысында бөтен тауарлық белгіні қолданған үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік (ӘҚбК 158 б.), азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатыны көрсетілді.

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ