20 Сентября
, 20:20
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Аудандық соттағы медиация күні»  

 

2018 жылғы 16 қаңтарда Шарбақты аудандық әділет басқармасы РММ ауданның сот ғимаратында басшының м.а. А.А. Латымханова, Шарбақты ауданының сот актілер орындау жөніндегі сот орындаушысы Ж. Баисов, аудандық соттың канцелярия меңгерішісі Ж.О. Бердиева, бас мамандар Ж. Алимжанова, Р. Зайцев, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шақырылған Д. Букенов, Е. Алимов сияқты кәсіби медиаторлардың қатысуымен «Аудандық соттағы медиация күні» ұйымдастырылды.

Аталмыш шарада «Медиация туралы Заңының» негізгі ережелері, медиаторлармен даулау мәслелерді шешу кезінде тараптарды татуластыру сөз болды.

Шақырылғандар осы заңның әлеуметтік салада азаматтардың заңды құқықтары мен мүддесін қорғай отырып, жанжалды және алаңдаушылықты төмендетуге ықпалын тигізетіні туралы айтты. Оны республикадағы әлеуметтік-психологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған әлеуметтік факторы ретінде санауға болады. Медиацияны енгізгеннен кейін азаматтарда жанжалды бейбіт жолмен шешу үміті пайда болады.

Жалпы медиация елеулі түрде соттық жүйені жеңілдете түспек. Өйткені медиация сотқа дейінгі кезең ретінде ойластырылған.Тараптар татуласқаннан кейін,әрі қарай дауды шешу үшін сотқа жүгінбейді. Соттық шешімдер көбінесе, бір тарапты ғана қанағаттандырады, ал екінші тарап наразылы болып қалады. Медиация болса дауды шешеді.

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ

п.2медиа