Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Заңды тұлғаларды, олардың филиалдарын және өкілдіктерін электрондың мемлекеттік тіркеу  
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы Заңды тұлғаларды, олардың филиалдарын және өкілдіктерін электрондың мемлекеттік тіркеу  

 

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тіркеуші органға Интернет желісі арқылы берілген электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш "электрондық үкіметтің" (www.egov.kz) веб-порталында толтырылады және ұсынылады, электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.

      Тіркеу алымын төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

     Жалпы заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттiк (есептік) тiркеу:

      мемлекеттік (есептік) тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi;

      бизнес-сәйкестендіру нөмiрiн (бұдан әрі - БСН) бере отырып, мемлекеттiк (есептік) тiркеу туралы анықтама беруді;

      заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне (бұдан әрі - Ұлттық тізілім) енгiзудi қамтиды.

      Тіркеу кезінде заңды тұлғаның құрылуының, филиал мен өкілдікті ашудың мақсатқа сай екендігі туралы мәселе назарға алынбайды, оның өндірістік-шаруашылық қызметін бақылауға алу және оған араласу мақсат етіп қойылмайды.

     Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:

      заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркеу, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердi құру, есептік қайта тіркеу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу және қызметiн тоқтату фактiсiн куәландыру;

      Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және есептік тіркеуден шығарылған филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;

      Ұлттық тiзiлiмді жүргізу;

      заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу мақсатында жүзеге асырылады.

      Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.

      Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.

      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші орган) жүзеге асырады.

      Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, сонымен қатар, саяси партияларды, шетел және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу және таратуды тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүзеге асырады.

      Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың қауымдастықтарын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару тиісті облыста және Астана және Алматы қалаларында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.

      Министрлікте тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті облыстардағы аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ