20 Сентября
, 21:27
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Адвокатттық қызмет және заң көмегі туралы заң жобасы жайлы»
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы «Адвокатттық қызмет және заң көмегі туралы заң жобасы жайлы»

 

 

        Қазақстан Республикасының заң көмегін туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және заң көмегін реттеуші осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

        Заң көмегін көрстетіндердің бірі ол – адвокат. Адвокаттық қызмет деген не? Адвокаттық қызмет – жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында адвокаттар кәсіби негізде көрсететін білікті заң көмегі.

 Адвокаттар мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілер ретінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін де көзделген жағдайларда және тәртіпте жеке тұлғаларға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді.

           Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне келетін болсақ, ол заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіпте тегін негізде көрсетілетін заң көмегі болады.

Заң көмегі:

1) құқықтық ақпарат беру;

2) құқықтық кеңес беру;

3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық ізге түсу органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және өкілдік ету түрінде  көрсетіледі.

Заң көмегі көрсетіледі:

Өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен;

1) Заң көмегін көрсету субъектілерімен (адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар, заңдық кеңесшілер);

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заң көмегін көрсететін өзге де тұлғалармен.

3) заң кеңесшілерінің палаталарында, міндетті мүшелікке негізделген заң қызметін көрсететін  субъектілердің коммерциялық емес ұйымдарына  кірмейтін, заң қызметін көрсететін тұлғаларымен көрсетіледі.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде тегін алуға барлық жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.

 

«Шарбақты аудандық

әділет басқармасы»  РММ