Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Жеке меншік құқығы  

 Жеке меншік құқығы дегеніміз азаматтың  жеке меншігіне жататын жылжымайтын мүлікті иелену, пайдалану, басқару. Бұл құқық заңмен қорғалады. Азамат жылжымайтын мүлікке ие болғанн кейін, оны еркін пайдалана алады. Оған тек Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 118 бабының талаптарына сәйкес тиісті түрде жылжымайтын мүлік объектісіне құқығын тіркеу қажет. Мұнда жылжымайтын мүлікке құқықтар  мемлекеттік тіркеуден  кейін пайда болады, туындайды, өгереді және тоқтатылады.       Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу сәті болып өтініш берген сәт танылады, ал электрондық тіркеу кезінде –жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу кезі тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жіберуі арқылы оның туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растау кезі болып табылады.

Заңға сәйкес жеке меншік құқығы тіркеуші органдармен міндетті мемлекеттік тіркеу  рәсімі тіркеуге жатады, тіркеуші орган біздің елімізде әділет органдары болып табылады.

         Меншік иесінің және басқа да мүдделі тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңымен тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті норма енгізілген.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды  міндетті тіркеу институты  6 ай мерзімінде  заңды фактінің  пайда болуынан бастап азаматтардың, сондай-ақ бұрынғы жылжымайтын мүлік иелерімен қатар сатушылардың құқықтары мен мүдделеріне кепіл болуға мүмкіндік береді.

 

«Шарбақты аудандық

әділет басқармасы» РММ