Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу    
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу    

 

1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Патент заңына» сәйкес өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге құқықтар патентпен қорғалады. Пайдалы модельге патент пайдалы модельге патент беруге өтiнiмге жүргiзiлген сараптаманың нәтижесi бойынша берiледi. Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiмге ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi. Патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады. Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады.

Өнеркәсiптiк үлгiге патентіне қатысты,   өтiнiм берiлген күннен бастап он бес жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.

Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады.

 Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, олардың бәрi оның авторы (қосалқы авторы) болып есептеледi.

       Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.

       Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға өзінің шығармашылық үлесін қоспаған, авторға тек техникалық, ұйымдық немесе материалдық көмек көрсеткен, не оған құқықты ресiмдеуге және оны пайдалануға ғана жәрдемдескен жеке адам автор деп танылмайды. Авторлық құқық айыруға болмайтын жеке құқық болып табылады және мерзiмсiз қорғалады.

       Неғұрлым маңызды және кең пайдаланылатын өнертабыстардың авторлары "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беруге ұсынылуы мүмкін.

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ