Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Мемлекеттік тіл және оның қоғамдағы рөлі
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы Мемлекеттік тіл және оның қоғамдағы рөлі

 «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің»  халық данасы дегендей. Бұл адамның тіршілік әрекетінің аясы бірнеше қатарға кеңейе түсетіндігін білдіреді. Олай болса, білім алушылардың зияткерлік және коммуникативті қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері артады. Адамның лексикалық қоры бір тілдің шегінен шығады. Оның қатынас өрісі кеңейеді, бірнеше, кей кезде тіпті түрлі мәдениет өкілдерімен өзара әрекеттесу үшін басқа мүмкіндіктер пайда болады. Бұл әлеуметтік өзара әрекеттестіктің түрлі модельдерін туындатады.

Бүгін әлем жеке адамға өз мәдениетінің шегінен шығуға, басқа мәдени жағдайларда өзін жат сезінбеуіне көмектесетін мәдениеттер диалогының тұжырымдамасын таңдайды. Бірақ бұл кезде мәдени өзгешелікке деген құқық сақталуы тиіс. Дегенмен бұл сондай-ақ түрлі мәдениеттер арасында ымыраға келуді білдіреді.

Қазіргі Қазақстан үшін мемлекет тіл саясаты саласында стратегиялық желі құрғанда және мемлекеттік реттеу механизмін қосқан кезде қазақ тілі «мақсатты» тіл ретінде қолданылады, ол мұндай реттеуге қиын көнетін процестерден басқа тілдерді оқуға тілек білдірген азаматтардың жеке бастамаларымен ерекшеленеді. Қазақстанда мақсатты тілдердің қатарына бүгінгі таңда орыс және ағылшын тілдері жатады.

Адамның толыққанды дамуы үшін бірінші кезекте ана тілін меңгеру міндеті тұратыны даусыз. Қазақстан да ратификациялаған БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясы әркімнің ана тілінде бастауыш білім алу құқығын бекітуі бекер емес. Қазақстанда адамның тіл таңдау саласындағы құқықтары мен бостандығына, оның ішінде ана тілін тануына ел Конституциясы кепілдік береді. Бірегей әлеуметтік институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл құқықтарды іске асыру тетігі болып табылады.

Бұл мағынада өз тобының тілін сақтау және дамыту тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар тұтас алғанда қоғамдастықтың өміршеңдігінің стратегиялық бағыты болып саналады. Дәл осы стратегия қандай да болмасын мемлекеттің тіл таңдауындағы негізінде жатады. Қазақстанда бұл қазақ тілі болып табылады, бүгін ол айқын әрі даусыз мәселе. Осыдан ширек ғасыр бұрын осы тура қарама-қарсы қабылданатын. Аз ғана уақыт бұрын қазақ тілі табиғи тілдік көріністен (ландшафт) ығыстырылған болатын.

Бірақ бүгінгі таңда мұндай проблема жоқ. Бұл Қазақстанның тіл құрылысындағы үлкен жетістігі. Қазақ тілі – биліктің халықпен қатынас жасайтын тілі, заңдар мен құқықтық актілер тілі, Қазақстанның символы ретінде көрінетін саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларда біріктіруші, нығайтушы қызмет атқаратын тіл болуы ең басты жетістік деп саналады. Қазақ тілі Қазақстан халқын шоғырландыруда жетекші фактор екенін түсінетін кез келді. Мемлекеттік тіл ролінде ол тұтастық жолында азаматтық біртектілікті қалыптастыру үшін маңызды. Қазақ тілін білу – қазіргі әрбір қазақстандықтың өзіндік ерекшелігінің кепілі.

 

 Шарбақты аудандық

аудандық әділет басқармасы РММ