Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Әкімшілік реттеудегі  даулау кезінде заңнаманың тиімділігі»  
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы «Әкімшілік реттеудегі  даулау кезінде заңнаманың тиімділігі»  

 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әкімшілік процессуалдық кодекс жобасын әзірлеуде. Мұнда басты  мақсаты азаматтардың тиімді соттық құқық бостандығы мен  заңды мүдделерін қорғау және  Қазақстан Республикасындағы сот атқаруын әрі қарай жетілдіру болып табылады

Бүгінгі күні  жеке тұлғалардың  билік органдарымен жария-құқықтық даулары «Мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдарының және мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін және әрекеттерін (әрекетсіздіктерін)  даулау бойынша іс жүргізу» Азаматтық іс жүргізу  кодексінің 27  тарауына сәйкес  шешіледі.

Елбасының үкімет алдында  Қазақстан Республикасы бәсекеге  ең кабілетті 30 елдің  қатарына енуге қойылған мақсаты, өте намысты мақсат. Экономикалық процесстердің жаһандану жағдайында Қазақстан басқа елдермен қатаң бәсекелестікте. Неғұрлым біздің позициямыз жоғары болса, сол құрлым бәсекелестер күшейе түседі.

Біздің мақсатымыз құқықтық жүйені жетілдіру, азаматтардың тиісті  құқық қорғауын қамтамасыз ету және конституциялық бостандықтарын жүзеге асыратын заңды құру. Сапалы заң экономикалық өсуге, кәсіпкерлікті дамытуға негіз болу  керек. Тек сонда ғана әлемдік аренада шынайы бәсекеге кабілетті экономиканы  құра аламыз.

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ