20 Сентября
, 21:41
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері»
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері»

 

2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қабылдануы  еліміздегі әлеуметтік экономикалық саласында, құқықтық Концепцияны қабылдануымен, бір қатар өзгерістермен байланысты, Жаңа заңда ұғымдардың анықтамасы берілген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет ету бойынша мақсаттары және  бағыттары  кеңейтілген.

Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:

1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: заңдылық; адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы; жариялылық пен ашықтық; мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

 Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесінде сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәденитін қалыптастыруы өте маңызды. Бұл дегеніміз білім беру, ақпараттық және ұйымдастыру шаралар арқылы іске асырылады.

 

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ

басшысының м.а.

 А. Латымханова,

РҚБ «ҚЗО»

Павлодар филиалының мүшесі