Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Мемлекеттік қызметте - мемлекеттік тілмен»
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы «Мемлекеттік қызметте - мемлекеттік тілмен»

 

Бүгінгі күні республика бойынша орналасқан мемлекеттік органдар Елбасымыздың тапсырмасына сай мемлекеттік тілге көшті. «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді» деп М.Жұмабаев айтқандай, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтіп, мәртебесін биіктету – әрбір мемлекет үшін басты мақсат.
Тәуелсіздігін алып, іргесі беки бастаған Қазақстан Республикасы өзінің ана тілін қорғауда үлкен жұмыстар атқаруда.
Қазіргі таңда көптеген мемлекеттік органдарда іс жүргізу мемлекеттік тілде қалыптасуына үлкен мән берілуде.
            Шарбақты аудандық әділет басқармасы  мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және одан әрі дамыту үшін өз үлесін қосып жатыр. Барлық мекемелермен, ұйымдармен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізілуде. Ал, басқа мемлекеттерді қоспағанда, егер де хат орыс тілінде келіп түскен болса, онда оған орыс тіліндегі жауабымен қоса мемлекеттік тілде де жауап беруде.
             Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі, тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттік тұғыры демекші, болашақтың берік іргетасын бүгін қалау қажет. Әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақ буындарын мемлекеттік тілде жұмыс істеуіне оқу орындарында дайындаумен қатар, мемлекеттік тілдегі іс жүргізу тілін меңгеруін қалыптастыру керек..

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ