20 Сентября
, 03:11
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Электронды тіркеу

 

Электронды тіркеу - автоматты түрде  бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеден электронды ақпараттық жүйеге  келіп түсетін құқықбелгілеуші құжаттың электронды көшірмесінің негізінде жүзеге асырылатын  жылжымайтын мүлікке тіркеу  мемлекеттік тіркеу.

            Құқықтық кадастрдан ақпараттық жүйеге құқықтық құжаттың көшірмесі түскен жағдайда, тіркеуші органның тіркеу туралы хабарламасынан кейін жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу жасалды деп есептеледі.

Электрондық тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін:

электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшiрмесiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi;

жылжымайтын мүлікті сатып алушыны:

құқық белгілейтін құжатқа бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмір туралы;

жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс алым сомасы туралы немесе алымды төлеуден босату туралы хабардар етеді;

жылжымайтын мүлікті сатып алушы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылған жағдайда, жеңілдік құқығын растайтын құжатты сканерлейді;

құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне:

бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайларын;

тұлғаның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді;

2) құқық иеленуші немесе оның уәкілетті өкілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеушінің деректерін және құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында көзделген кез келген тәсілмен "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік тіркеуге алым төлейді.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгеннен кейін чектің деректемелері (төлеудің бірегей коды, төлемді алушының атауы, бюджеттік сыныптаманың коды, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі, алым сомасы, ақының күні мен уақыты, құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде ЭҮТШ-те сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі.

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ