Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Назарларыңызға!

Назарларыңызға!

 

 

Астана қаласы Д. Қонаев көшесі, 12/1 үй, «Водно-зелёный бульвар» бизнес орталығында орналасқан «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік » АҚ жыл аралық Ұлттық инновациялық конкурс ұйымдастырады: оған мектеп оқушыларынан бастап, үлкен кәсіпорындар қатысты.

Конкурс бірнеше номинациялардан тұрады:

1) Ең жақсы өнертабыстық ұсыныс.

Бас жүлде – 1 500 000 теңге, 2 орын – 1 000 000 теңге, 3 орын – 500 000 теңге.

2) Орта мектептің оқушылары арасында ең жақсы инновациялық жобалар.

- бұл номинация бойынша конкурс 3 кезеңде өтеді:

I кезең – видео өтінімдерді жинау;

II кезең – Эксперттік комиссияның қарастыруы;

III кезең (финал) – финалисттерімен қоғамдық қорғаныс, жоба тұсаукесері және Эксперттік комиссияның бір немесе екі жүлдегерді таңдауы. (2-ші және 3-ші орындар).

3) Студенттер арасындағы ең жақсы инновациялық проект.

- бұл номинацияда жоғарғы оқу орталығының 25 жасқа дейінгі студенттері қатысуға болады.

I кезең – видео өтінімдерді жинау

II кезең – Эксперттік комиссияның қарастыруы

IIIкезең (финал) – финалисттерімен қоғамдық қорғаныс, жоба тұсаукесері және Эксперттік комиссияның бір немесе екі жүлдегерді таңдауы. (2-ші және 3-ші орындар). Финалисттерге жобаны қорғауға 3 минутқа дейін уақыт беріледі.

Бас жүлде – 1 500 000 теңге, 2 орын – 1 000 000 теңге, 3 орын – 500 000 теңге.

4) Инновациялық тақырыпқа ең жақсы журналистік материал.

- бұл номинацияда 8 номинациядан тұрады:

I кезең – материалдарды жинау;

II кезең - Эксперттік комиссиямен материалдарды қарастыруы;

Әрбір номинация бойынша бас жүлде – 300 000 теңге, 2-ші орын – 200 000 теңге, 3-ші орын – 100 000 теңге.

Одан басқа түрлі санатты конкурсқа қатысушыларға жеке жүлделер қарастырылған.

Конкурстың номинация туралы толық сипаттамасы және катысу туралы онлайн-тіркелу Агенттіктің ресми сайтында қол жетімді www.natd.gov.kz,

тел. +7 (7172) 57-10-12, 57-10-14, 57-10-18, факс: +7 (7172) 91-90-21, email: info@natd.gov.kz.

Павлодар облысы Әділет департаменті, Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі, тел. 8 (7182) 32-83-64

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ