20 Сентября
, 08:49
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Қазақ тілінің бүгінгі ахуалы мен болашағы
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы Қазақ тілінің бүгінгі ахуалы мен болашағы

Мемлекеттік тіл – ұлттық болмысымыз бен руханиятымыздың, тәуелсіздігіміздің басты тірегі. Әрине, мемлекеттік тілді өркендету мәселесі бірінші кезекте ұлттық патриотизммен тығыз байланысты болуы керек. Өйткені, ұлт пен тіл егіз ұғым. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамда ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы – сөздік қор, әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра.

«Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры», деп Б.Момышұлы бекер айтпаған. Қазақ тілі халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе мәртебе алды. Қазақ тілі – өркендеген мәдениеттің тілі, ғылыми тіл, ресми іс қағаздарының тілі. Сондықтан, мемлекеттік тілді өміршең тілге айналдыруымыз керек. Кез келген елдің даму деңгейі әлемдік жаңа технологияларды қолдану деңгейімен өлшенетіні белгілі.

Қазіргі кезде жұмысымыздың көпшілігі компьютермен атқарылады. Сондықтан, қазақ тілінде компьютерлік бағдарламалар көбейтілсе.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ел халқына арнаған Жолдауында тіл мәселесіне байланысты былай деді: «Көп тілді және көп конфессиялы қоғамдағы бейбітшілік пен келісім – бұл сіздер мен біздің еңбегіміз, қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ тілін құрметпен және лайықты оқып -үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты.

Бүгін мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды. Бұл тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі.

Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс.

Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді бүгінгі дамыған техника тіліне айналдыру ең көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Болашақ мамандарды даярлау барысында оқытудың жаңа технологиясын барынша меңгертуге көп көңіл бөлу қажет. Жаңа технологияны пайдасы зор.

Мемлекеттік тіл ел тұтастығының да ең басты кепілі. Ол еліміздің халқын біріктіретін, ортақ іске жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір құрал. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп сезіне де алмайды. Себебі, бір-бірінің тілін түсінбеген халықтың бір-бірінің ой-ниеттерін, мақсат- мүдделерін түсінуі  қиын.

Қорыта келе тіл – қоғам өмірін ұйымдастырушы басты күш болуымен бірге, әлеуметтік және экономикалық өрлеу мен дамудың, халық пен қоғам өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтардың айнасы.

Сондықтан, барлығымызға ортақ мемлекеттік тіліміздің болашағы үшін, әрі қарай дамыту, жетілдіру біздің мақсатымыз.

 

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ