Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саяси тұжырымдамасы»
Басты Аумақтық органдар Шарбақты аудандық әділет басқармасы «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саяси тұжырымдамасы»

«Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған

 құқықтық саяси тұжырымдамасы»

 

            Бүгінгі күні Қазақстан әлемге келешегі бар, сенімді әріптес ретінде танылып отыр. Халықаралық қоғамдастық тұрақтылық пен қауыпсіздікті  күте отыра, біздің  жетістіктерімізді бақылауда. Қазақстан Республикасының Президентімен 2009 жылғы 24 тамызда  №858 «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саяси тұжырымдамасы» қабылданды. Осы Үкімге өзгерістер енгізілді: әлемдік экономика мен саясатта болып жатқан іргелі өзгерістер, жаһандану процестері, сондай-ақ елдің ішкі даму серпіні қол жеткізгенге тоқмейілсуге мүмкіндік бермейді. Ұлттық құқықтың уақыттың жаңа талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ХХІ ғасырдың перспективаларына сай келмейтін құқықтық догмалардан түпкілікті арылып, мемлекеттің норма түзушілік және құқық қолдану қызметін одан әрі жетілдіру қажет.

            Қазақстан үшін батыл мақсатты айқындау – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену – адам, қоғам өмірінің сапасын арттыру және мемлекеттілікті нығайту үшін елдің жүргізіп отырған бағытын тиімді қамтамасыз етуге тиіс ұлттық құқықтық жүйеге жоғары талаптар қояды.

   Сондықтан қазақстандық құқықтық жүйе құқықтарды қорғауды қолданудың қолайлы әрі сенімді болуы мәселелерінде әлемнің дамыған елдерінің заңнамасымен тең бәсекеге түсе алуы тиіс. Жалпы жаһандану және әлемдік бәсекелестіктің өсуі жағдайында көптеген елдер құқықтық жүйелерін жаңғырту және оларды адамның мұқтаждары мен қажеттіліктеріне және инвесторлардың мүдделеріне барынша жақындату қажеттігімен бетпе-бет келді.

Электрондық үкімет" инфрақұрылымының базалық құрауыштарын одан әрі жаңғырту батыс еуропалық елдерде ойдағыдай жұмыс істейтін "e-justice" жүйесінің элементтерін енгізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл азаматтар мен заңды тұлғалар мемлекеттік органдарға және соттарға жүгінген кезде біртіндеп қағазсыз құжат айналымына көшуге мүмкіндік береді.

            Іс жүзінде азаматтарға және ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қатынасты реттейтін әкімшілік құқықтың жаңа институты туындайды. Бұл институттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тиісті құқықтық негіз керек.

             Барабар әкімшілік-құқықтық реттеу мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттарын толыққанды енгізуді талап етеді. Мемлекеттік қызметтер тізілімін кеңейту, жаңа технологияларды пайдалана отырып, олардың орындалуына тиімді сыртқы бақылау енгізу қажет. "Жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кейбір түрлерін көрсету ХҚО-лардың қызметін реттейтін тиісті құқықтық базаны қалыптастыруды талап етеді.

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ