Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Заңды тұлғаны тіркеу тәртібі

Заңды тұлғаны тіркеу тәртібі

 

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi. Мемлекеттiк тiркеу деректері, оның iшiнде заңды тұлғалардың атауы, ал коммерциялық ұйымдар үшін – фирмалық атауы Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiледi.Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады.

       Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен тiркеледi. Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады.

       Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.

       Заңды тұлға мынадай жағдайларда:

       1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;

       2) атауы өзгергенде;

       3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс.

      Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады.

 

Шарбақты аудандық

әділет басқармасы РММ